Маңғыстауда ірі халықаралық «DP World» компаниясы өз жұмысын бастайды
14 Марта 2018 (09:34) | 1497 | Автор: Нурганым Имашева
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов бастаған Маңғыстау делегациясының БАӘ-ге іс-сапары барысында «Ақтау теңіз порты» АЭА мен «DP World» халықаралық компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы келіссөз өтті.
«Ақтау теңіз порты» АЭА басқармасының төрағасы Бауыржан Қайратов пен PBP Holdings LTD өкілі Марк Ронг меморандумға қол қойды. Құжатта 60 гектар аумағы бар логистикалық және индустриялық парктің құрылысы және 50 млн. АҚШ доллары көлеміндегі инвестиция тарту туралы жазылған.
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов және қазақстандық бизнес делегация «DP World» басшылығымен келіссөздер жүргізіп, облыс әкімі нақты ұсыныстар жасады.Келіссөздер нәтижесінде Маңғыстау облысы әкімдігі мен компания арасындағы меморандум нақтыланып, «DP World» компаниясы «Ақтау теңіз порты» ААҚ басшылығымен ынтымақтастықта жұмыс істеуге ниетті екендерін жеткізді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему