ЖАС ДАРЫННЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 07:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

ЖАС ДАРЫННЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ

6 Марта 2018 (11:16) | 2622 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстаулық жас пианист Халықаралық конкурстың Бас Жүлдесін жеңіп алды. Алматыда  23 – 27 ақпан аралығында  «Piano Fest Almaty» пианистердің ІІ Халықаралық конкурсы  өтті. Қазақстан, Қытай, Қырғызстан және Оңтүстік Кореядан  100 –ден аса орындаушы қатысқан үлкен байқаудың ұйымдастырушысы П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі.

 

 

Жобаға әлеуметтік серіктестікті дамыту  аясында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті -Елбасының Қоры қолдау көрсетті.

 

Үш күнге созылған сайыс аясында қатысушылар қазақстандық авторларлардың және әлемдік классика жауһарларының шығармаларын орындап, бақтарын сынады. :Жас музыканттардың өнерін халықаралық конкурстардың лауреаты, австриялық профессор Олег Маршев бастаған әділқазылар алқасы бағалады. 

 

 

-Жас пианистердің «Piano Fest Almaty» байқауы, бірінші кезекте  фортепьянолық өнерді дамытуға және Қазақстан композиторларының шығармашылығын жастар арасында насихаттауға бағытталған. Колледж базасында біз әртүрлі елдердің музыканттарының бір-бірімен достық және кәсіби  қарым-қатынаста болуы үшін жағдай жасауға тырысамыз. Оларды өздерінің ерекше дарындарын танытуға құлшындырып, жас ұрпақтың сахналық орындаушылық шеберлігіне деген ұмтылысын  қолдаймыз. Осындай жауапты істе бізге үнемі, бірнеше жыл бойына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қолдау көрсетіп келеді,- дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры, Қор жанындағы шығармашыл жастар Кеңесінің төрағасы Біржан Хасанғалиев.

 

Байқауға қатысушылар үш жас шамасы бойынша сайысты. Әр категорияда I, II және III орындар белгіленген болатын. Ең мықты өнерпаздар анықталып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандарды қазылар алқасы әділ бағалады.

 

 

Бас жүлдені жеңіп алғандардың алғы сапында Маңғыстау өнер колледжінің ІІ курс студенті  Рашид Рахимов алғашқылардың бірі болып, марапатталды. Талантты жас өнерпаз Рашидтің өнеріне тәнті болған жюри мүшелері, солардың қатарында халықаралық конкурстардың лауреаты, австриялық профессор Олег Маршев маңғыстаулық студенттің орындау шеберлігін ризашылықпен атап өтті.

 

Өзге жас мөлшеріндегі Бас жүлдеге ие болғандар: Меруерт Жұмағұлова, П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенті (бұдан бұрын Ақтаудағы музыкалық мектептің түлегі), Мадина Түгелжанова, К.Байсеитова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық арнайы өнер мектебінің шәкірті және Жанель Cайын, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық  консерваториясының студенті.

 

 

Бас жүлдені жеңіп алған  Рашид Рахимовтың бұл жетістігі - алғашқы жеңісі емес. Бұдан бұрын да  талай Халықаралық байқауларға қатысып, олардан да жүлдемен жеңімпаз атанып оралған жас өнерпаз бір жылдары Ресейдегі байқауға қатысып, үздік өнер көрсеткенінде ондағылар Қазақстанда да фортепьянолық өнер дамыған ба? Қазақ деген халықтың өкілдері де  пианист бола алғаны ма? деген таңданыстарын ашық білдірген екен.

 

Бүгінде Маңғыстау өнер колледжінің ІІ курсында білім алып жүрген 17 жасар балғын өнерпаз Рашид Рахимов кішкентайынан классикалық музыка жанрына  құмар болып өсті. Ақтаудағы «Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебінде» оқып жүрген кезінде қабілетінің жоғарылығын бағалаған ұстаздары Рашидті 4 сыныптан бірден экстернмен 6 сыныпқа көшірген. Сол өнер ордасында тәлім алып жүргеннің өзінде Алматы, Атырау т.б. қалаларда өткен байқауларға қатысып, олардан жеңіспен оралған жас өрен 2015 жылдың желтоқсан айында Ресейдің Новосибирск қаласында өткен пианистердің Халықаралық «ПРОдвижение» байқауына қатысып, Бас жүлдені иеленген.

 

 

Жас мөлшері 5 пен 54 жас арасындағы 160 музыкант қатысқан Халықаралық байқауда үздік өнер көрсеткен жалғыз жеңімпазға ғана берілетін Бас жүлдені жеңіп алу бақыты сол конкурста Ақтау қаласынан барған 15 жасар Рашидке бұйырыпты.

 

Жас дарынның жоғары қабілетін байқаған ресейлік музыка мамандары Рашидті Москва, Новосибирск қалаларына оқуға шақырған.

 

Бүгінде Маңғыстау өнер колледжінің ІІ курсында фортепьяно сыныбында оқып жүрген Рашид оқу ордасының қабырғасында, облыстық филармонияда, қалалық мерекелерде өтетін концерттік кештерде үнемі үздік өнер көрсетеді. Оқу ордасының басшысы, ұстаздары дарынды шәкіртінің жетістіктері мен қабілетіне риза.

 

Алматыда өткен «Piano Fest Almaty» пианистердің ІІ Халықаралық конкурсына жас музыкант Рашид Рахимовты Маңғыстау өнер колледжіндегі ұстазы Қуван .Мейманбаев дайындаған. Шәкіртімен бірге конурсқа барған ұстазы оның Бас жүлдені жеңіп алғанына дән риза.

 

-Шәкіртім Рашидтің  өнеріне ризамын. Шынайы орындау шеберлігін көрсете білді. Халықаралық байқауда мұндай жетістікке жету, әрине, үлкен еңбектің жемісі. Рашидтің орындаушылық әлеуетін білген соң, оның жасына қарамастан ІІ курс студентіне ойнауға қиынға соғатын шығарманы әдейі дайындаттым. Шәкіртім үмітімді ақтады, екеуміздің байқауға дайындалу барысында төккен теріміз босқа кетпеді.

Халықаралық конкурстардың лауреаты, австриялық профессор Олег Маршев бастаған әділқазылар алқасы байқаудың қорытындысы бойынша шәкіртім Рашидтің өнерін жоғары бағалады.  Ризашылықтарын білдірді, орындау шеберлігін атап өтті, - деді талантты жас өнерпаздың жетекшісі Маңғыстау өнер колледжінің ұстазы Қуван.Мейманбаев.

 

 

Жас дарынның қабілетіне, күрделі классикалық шығарманы  орындау шеберлігіне разы болған ұйымдастырушылар, атап айтқанда аталмыш Халықаралық үлкен байқаудың өтуіне қолдау танытқан  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры Бас Жүлдемен қоса Рашидке арнайы сыйлықты да тарту етті.

 

Өз жеңісін қалай бағалайтыны туралы сауалымызға жауап берген жас пианист Р.Рахимов:

-Халықаралық үлкен байқауда Бас жүлдеге ие болып, еңбегімнің жанғаны мен үшін, әрине, үлкен қуаныш. Бұл орайда ата-анам мен өз ұстазым Куван Нуровичтің үміттерін ақтағаныма қуанышытымын.

Мені осы байқауға дайындаған жетекшім Куван Нурович Мейманбаевқа  зор алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, өзім қабырғасында білім алып жатқан Маңғыстау өнер колледжіне де, басшылығына және мені қолдап отыратын ата-анама алғысымды айтамын, - деген ойын білдірді.

 

Маңғыстау өнерінің туы әрқашан биік екенін тағы бір рет Алматыда өткен Халықарлық байқауда дәлелдеп қайтқан жас өрен Рашидтің жеңісі – бүкіл Маңғыстаудың жеңісі, киелі өлкенің өнер саласының жетістігі, аймақ мәдениетінің асқақ абыройы десек, артық айтпағанымыз болар.

 

 

Осы орайда тамаша байқауды биік дәрежеде ұйымдастырған П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры Біржан Хасанғалиевке зор алғыс білдіруді жөн санаймыз. Классикалық жанрдағы өнерді жастардың бойына сіңіруге деген талпыныстары құптарлық.

 

Ал аймақ атын шығарған жас пианист Рашид Рахимовқа өнерің өрге жүзсін, алда жеңістерің көп болып, Қазақтың қай жағынан да талантты халық екенін әлемдік деңгейде де дәлелдеу бақыты бұйырсын деген жүрекжарды тілегімізді арнаймыз.

 

 

Суретті түсірген П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің баспасөз қызметі және Ақзира Рахимова

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему