Бітімгершілік іс санаттары нақтылана түсті
27 Февраля 2018 (10:59) | 1740 | Автор: Нурганым Имашева
Судьялардың VII съезінде Президент Н.Ә.Назарбаев үш сатылы сот төрелігі жағдайындағы соттар жұмысын жоғары бағалады. Айта кетерлігі, съезде жаңа Судья әдебі кодексі қабылданды. Өткен жылы Жоғарғы Сот Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, медиация институтын дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды.
Медиация туралы заңның негізгі мақсаты – дауласушы екі тарапты бітімге келтіріп татуластыру, екі тарапты қаңағаттандыратын нәтижеге қол жеткізіп, дауласушылар арасындағы шиеленісті шешу. Жуырда Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заңның 20-бабы 1-тармағының 11-тармақшасына сәйкес, Жоғарғы Сот жекелеген санаттар бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны бекітті. Бұл пилоттық жобаның ережесін іске асыру осы жылдың ақпан айынан басталып, шілдеге дейін жалғаспақ.
Пилоттық жобаның мақсаты – даулардың жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу.
Осы пилоттық жоба ұйымдастырушылық және ақпараттық бағыттар бойынша іске асырылуда. Ұымдастырушылық бағыт бойынша соттардың жұмысын ұйымдастыру көзделсе, ақпараттық тұрғыда Жоғарғы Сот пен жергілікті соттардың интернет-ресурстарына жекелеген санаттар бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты уақытылы орналастыруды, осы жоба туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, соттарда осы жобанын артықшылықтары туралы ақпараттық стендтер орналастыруды мақсат тұтады.
Жобаның шеңберінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын және заңды тұлғалардың мүдделерін сотта қорғаудың тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған азаматтық іс жүргізу заңнамасы одан әрі жетіле түсетін болады. Осы ретте заңгерлер қауымы алдағы уақытта пилоттық жобаға қатысты жиындар өткізіп, бітімгершілік институты халқымыздың дарабоз билерінің дәстүрлі билік жүргізу тәсілінің заңды жалғасы екендігін ұғындыруы тиіс. Өйткені, бітімгер болу – құрметті де абыройлы іс.
Қорыта айтқанда, осы жобаны іске асыру нәтижесінде бітімгершілік рәсімдері неғұрлым тәжірибелік сипатқа ие болу түспек. Себебі, біздіңше, медиация рәсімдерін кеңінен қолдану халықтың сұранасын қаңағаттандырып қана қоймай, соттардың жүктемесін азайтуға да айтарлықтай септігін тигізеді.
Бейнеу аудандық сотының
судьясы К.Ж.Акеров
Суреттер advokatura.kz сайтынан және автордың архивінен алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему