«Қазақстанның Үздік Тауары» байқауының жеңімпаздарымен кездесу өтті
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 09:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Қазақстанның Үздік Тауары» байқауының жеңімпаздарымен кездесу өтті

27 Июля 2017 (17:57) | 1865 | Автор: Нурганым Имашева

Өткен аптада Маңғыстау облысы бойынша «Атамекен» Кәсіпкерлер Ұлттық Палатасы «Қазақстанның Үздік Тауары» байқауының жеңімпаздарымен кездесуді ұйымдастырды.

 

 

Басқосуға "Маңғыстау" КҚКО "Консалтинг және жобаларды сүймелдеу" бөлімінің басшысы Айтжанова Аққу, «Каскор Машзавод» АҚ-ның бизнесті дамыту бойынша менеджері Аджибаев Арслан, «MAGA BREAD» ЖШС директорының өндіру бойынша орынбасары Сауғабаев Қайрат және жеке кәсіпкер Жекенова Асел, сонымен қатар жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

 

«Қазақстанның ең үздік тауары» байқауы елімізде 2005 жылдан бастап бастау алды. 2015 жылдан бері сайысты Кәсіпкерлер Палатасы ұйымдастырып келеді.

 

 

"Маңғыстау" КҚКО "Консалтинг және жобаларды сүймелдеу" бөлімінің басшысы Аққу Айтжанова:

-Аталмыш жоба жыл сайын өткізіліп тұрады. Сайыс алдымен Өңірлік дәрежеде жүргізіліп, содан кейін 3 номинация бойынша 3 жеңімпаз анықталады. Демек, Астана қаласына Республикалық көрмеге 9 кәсіпорын барады. Астанада Республикалық дәрежедегі жеңімпазды анықтайды. «Қазақстанның үздік тауары» Өңірлік сайысында 9 компания 3 номинация бойынша жеңімпаз атанды.

 

Байқау «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша өтті.

 

 

«Өңірлік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша «КазАзот» АҚ - 1 орын, «Каскор Машзавод» АҚ - 2 орын және «Шыныпластикалық құбырлар зауыты» ЖШС - 3 орынды иеленді.

 

«Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша «Жамал-ай» ЖШС - 1 орын, ЖК Жекенова Асель - 2 орын, Мебельная фабрика деЛюкс -3 орынды алса, «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша 1 орынға - «НПП Kazakh Osseter» ЖШС, 2 орынға - «Maga Bread» ЖШС және 3 орынға - «Жансая тәттілері» лайық деп танылды,- деп атап өтті.

 

 

Бөлім басшысы А.Айтжанованың айтуынша, «Республикалық сайыс - көрме 28-30 шілде күндері аралығында Астанада өтеді. Бұл жобаға Қазақстан бойынша 144 кәсіпорын қатысады. Бұл байқаудың ерекшелігі – ол ЭКСПО шеңберінде өтеді және оның аясында «Даму» қорының ұйымдастыруымен Қазақстанда жасалған бұйымдар мен өндірілген өнімдер көрмелері өтеді.

 

Әр компания өз өнімдерін апарады. Мысалы, «Каскор Машзавод» АҚ өз өнімін, жеке кәсіпкер Жекенова Асел өз киімдерін, «MAGA BREAD» ЖШС өз өнімдерін апарады. Барлық жеңімпаз өз өнімдерін республикалық көрмеге апарып таныстырады.

 

 

Көрмеде кәсіпкерлер өз өнімдерін көрсетеді, соған сәйкес комиссия мүшелері Республикалық деңгейдегі кәсіпорынды анықтайды. Алдымен көрмеде тауарларды қарайды, содан кейін қыркүйекте құжаттарға сәйкес жеңімпазды анықтайды».

 

«Каскор Машзавод» АҚ бизнесті дамыту бойынша менеджері Аджибаев Арслан:

 

-«Каскор-Машзавод» Акционерлік қоғамы машина құрылыс зауыты 1990 жылы 1 наурызда құрылды. «Каскор-Машзавод» АҚ - Қазақстандағы жетекші машина жасау кәсіпорындарының бірі болып табылады.

 

Зауыт әр түрлі техникалық күрделі жұмыс түрлерін заманауи жабдықтармен жүзеге асырады. Қазақстандық тауарды арттыру үшін кәсіпорын үнемі жаңартуды жүргізіп отырады.

 

Қазіргі кезде Маңғыстау облысында жетекші компаниялардың бірі. 2011 жылы кәсіпорынның өнімі «Маңғыстау облысының үздік тауары» атағына ие болды. Сондай-ақ 2014 жылы компания «Сала көшбасшысы» атағын иеленді.

 

Зауытта бүгінде 129 адам қызмет етеді. Көрмеге зауытымыздың өнімдерін апарамыз,- деді.

 

 

«MAGA BREAD» ЖШС директорының өндіру бойынша орынбасары Сауғабаев Қайрат:

 

-Біз макарон және нан өнімдерін өндірумен айналысамыз. Макарон өнімін шығаруды ағымдағы жылы бастаған болатынбыз. Макаронның 9 түрі бар: перия, спирали, паутина және т.б. Сонымен қатар нан өнімдерінің 150 түрлерін пісіреді.

 

Көрмеге кәсіпорынның жасайтын тауарларын апарамыз. Бүгінгі күні өз өнімімізбен Ақтау қаласын қамтып отырмыз. Сонымен қатар Бейнеу, Жетібай, Шетпе, Форт-Шевченко тұрғвындары да біздің өнімімізді тұтынуда.

 

Сондай-ақ Қызылорда өңіріне де өнімдерімізді жеткізіп, тұтынушыларымыздың ауқымын кеңейту ойымызда бар. ЭСКПО қарсаңында біздің басшылық ҚХР елінде серіктестік құру шеңберінде келіссөздерді жүргізді. Қытай елімен келісімге келіп, Маңғыстау облысының кәсіпорындарының бірі шетелде макарон өнімдерін ұсынатын болады. Бұл -үлкен жетістік деп айтуға болады. Себебі Қытай нарқы тауарларды өздері өндіріп шығаратындықтан, біздің өнімдерімізді ол елде ұсыну өте қиын.

 

Бірінші күні қытайлықтар 200 кг өнімімізді сатып алды. Соңғы күндері бірден 300 кг макаронды алып кетті. Біз 3 жылға өндірісті кеңейтуге арналған жоба дайындадық. Жайма, кеспе, спагетти сияқты өнімдерді көптеп шығаруға үміттіміз.

 

Біздің кәсіпорынның қуаттылығы күніне 24 тонна, екі ауысыммен жұмыс істейміз.

 

Макарон өнімінің мезгілі қыркүйек айында басталады. Құрылыс компаниясы, мұнай компаниялары төмен бағаға сатып алады.

 

Кәсіпорнымызда 200 адамға жуық жұмысшы бар. Қостанай және Петропавл қалаларының кәсіпорындарымен серіктеспіз, олардан ұн өнімдерін сатып аламыз.

 

Біз шамамен 30 жылдан бері нан және макарон өндіруді бастадық, бірақ мамандар аз болғандықтан, сол кездері макарон өндіруді тоқтатуға тура келді, - деп жиылғандарды өз кәсіпорынының жетістіктері, мүмкіншіліктерімен таныстырды..

 

Бизнестегі өз кәсібін қашан, қалай ашқанын, өңірлік сайыстың қалай өткені жайлы әңгімелеген жеке кәсіпкер Жекенова Асел:

 

- «Дарья» ЖК 2015 жылы қаңтарда құрылды. Біз - болашақ аналар үшін киім және аксессуарлар өндіруші компаниямыз. Өнім бренді төрт құрамды біріктіреді: сән, сапа, баға және ыңғайлылық.

 

«Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша 2 орынды жеңіп алдық. Біз компаниямыздың презентациясын жасап, өзімізді таныстырдық, көрсетілім көрсеттік. Сондай-ақ компания жөнінде ақпараттар мен керек құжаттарды жинақтадық.

 

2015 жылдың мамыр айында «Дария» бренді халықаралық «Сән мен Сахна» фестивалда 2 орынға ие болды. «Жекенова» ЖК «Бәйтерек» Холдингі мен «Даму» қоры ұйымдастырған «Қазақстанда жасалған» көрмесіне белсенді қатысқаны үшін Алғыс хат алды. Біздің wwwdilshop.kz. сайтымыз бар. 2012 жылдан бері болашақ аналарға арналған киімдер мен аксессуарлар сатумен айналысамыз.

 

Сәнді киімдерді тігетін маталарды Турциядан әкелеміз.

 

Алғашында мен үйде отырып, болашақ аналарға жастық тігумен айналыса бастадым, себебі олар біздің дүкендерде жетіспейді. Сондықтан оларды тіккен соң сатумен шұғылдана бастадым. Одан кейін көйлектер тігіп көрдім, олар да жақсы өте бастады. Осылай шағын кәсіпорынды ашу ойы туындады.

 

Бүгінгі таңда бізде 14 адам жұмыс істейді. Кәсіпорынымыз 29 А шағын аудандағы «Нұр» сауда үйінде орналасқан,- деп өз кәсіпорнының даму тарихы, табыстары, жетістігі туралы баяндады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему