Әр бала бір жұлдыз, жарқырауына көмектес!
25 Февраля 2018 (18:53) | 6636 | Автор: Нурганым Имашева
Елбасымыз Н. Назарбаев әрдайым болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына аса мән береді. Кешегі Жолдауы соның тағы бір дәлелі іспеттес. Елбасымыз: «Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде», – деді «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында.
Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа технологияларды пайдалана отырып, балалардың бойында танымдық қабілеттерін жетілдіру, шығармашылық деңгейлерін арттыру, педагогтардың ізденіс, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру арқылы болашақ ұрпақты тәрбиелеумақсатында Мұнайлы аудандық білім үйлестіру орталығының 2018 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, Мұнайлы ауданы, Басқұдық селосына қарасты «Арай-1» жекеменшік балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда «Тәй-тәй» технологиясын қолдану негіздері» тақырыбындағы аудандық семинар өткіздік.
Аталған семинарға ауданымыздағы мектепке дейінгі ұйымдардың мамандары қатысты. Практикалық бөлімде балабақшамыздың мамандары «Тәй-тәй» технологиясы бойынша «Ғажайып қыс» тақырыбында оқу қызметтерін көрсетті. Елбасымыздың «Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде» - дегендей «Тәй-тәй» технологиясы бойынша білім бере отырып үштілділікті де жоспарға енгіздік.
«Тәй-тәй» технологиясы – әлемге әйгілі Л. Выготский, Ж. Пиаже, Э. Эриксон, М. Монтессори т.б педагогикалық теориялар негізінде құрылған технология.
Қазақстанға 1996 жылы келген. «Тәй-тәй» технологиясы бес орталықпен жұмыс жасайды. Аталған орталық арқылы стандартқа сай бес білім беру саласын қамтуға болады.
Атап айтар болсақ, тәрбиеленушілер көркем әдебиет, шығармашылық, есеп, ғылым, аспаз орталықтары бойынша дәріс алады.
Бұл орталықтар баланың еркін жұмыс жасауына, ой ұшқырлығы мен қиялын дамытуға, шығармашылық тұрғыдан өсіп-жетілуіне берер ықпалы зор.
Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі педагогтар мен ата-аналардың тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасай алуында.
Яғни, тәрбие және оқыту үрдісіне отбасы мүшелерін қатыстыру арқылы баланың білімін жетілдіріп, мектеп табалдырығына дайындап, тұлға ретінде қалыптасуына қолдау көрсетеді.
«Арай-1» жекеменшік балабақшасы «Тәй-тәй» технологиясы бойынша 2014 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Қазіргі таңда балабақша қызметкерлері жаңа стандарттарға сай еңбек етіп, болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына өз үлестерін қосуда.
Ботагоз Жаманкулова
«Арай-1» жекеменшік балабақшасының әдіскері
Суреттерді ұсынған автор
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему