Банктік даулар көбейді
Курс валют в Актау
на 22/12/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
22 Декабря, 17:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Банктік даулар көбейді

25 Февраля 2018 (18:49) | 3164 | Автор: Нурганым Имашева

Нарықтық қарым-қатынастың өршіп тұрған заманында, көріп қызыққан затыңды ақшаң жетпесе несиеге рәсімдей салу қарапайым халықтың күнделікті тірлігінің бір бөлігіне айналғандай.

 

 

Дүкеннен шықпай-ақ несие рәсімдейтін екінші деңгейлі банктердің бөлімшелері үздіксіз, асты-үстіңе түсіп қызмет етеді.

 

Ал, сол несиелердің пайыздық үстемесі мен несиеге қызмет көрсеткені үшін банктердің алатын алымдардың заңдылығы, затты алатын адамды ойландырады ма!?

 

Қазіргі таңда азаматтық істер қарайтын соттарда талап қоюшы несие алушы азамат пен екінші дәрежелі банктер арасындағы даулар өте көп.

 

Осы даулардың қаралу заңдылығын қарапайым тілмен айтып түсіндіруге тырысайын.

 

Азамат несие алған кезде, негізінен екінші дәрежелі банктердің филиалы тұрған жер бойынша несие шарты жасақталады.

 

Ақтау қаласы Маңғыстау облысының орталығы болып табылғандықтан, негізгі несие шарттары осы жерде жасақталған.

 

Сондықтан бұл істердің соттылығы жауапкердің тұрғылықты жері бойынша да, шарттың жасалған жері бойынша да - Ақтау қаласы №2 сотында қаралады.

 

Талап қоюшы тараптар арасында жасақталған банктік қарыз шартының бөлігін жарамсыз деп танып, қарызға қызмет көрсеткені үшін комиссияның төленген соммасын өндіру туралы талап қояды.

 

Егер қарыз шартын дұрыстап, көңіл бөліп оқып қарасаңыз, қарызға қызмет көрсеткені үшін банкке комиссия төлеу көзделеді.

 

Бұл қарызды төлеу туралы графикте де көрініп тұрады.

 

Қарызды төлеу туралы графикте төленуге тиісті: 1- негізгі қарыз, 2-сыйақы, 3-банктік қызмет көрсеткені үшін комиссия көзделген.

 

Осы комиссияға кеңірек тоқталайық.

 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 39-бабының 1-тармағына сәйкес, сыйақы мөлшерлемелері мен комиссиялар, сондай-ақ банк қызметтерін көрсеткені үшін тарифтерді банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып дербес белгілейді.

 

Көрсетілген Заңның 30-бабының талаптарына сай, Банк операцияларына басқа қызметтермен бірге, банктік шоттарын ашу және жүргізу жатады.

 

«Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына сай, банк шоты-банк пен клиент арасында ақша қабылдау және (немесе) клиентке банктік қызмет көрсету жөніндегі шарттық қатынастарды көрсету тәсілі; Банк шорттары жеке және заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың оқшауланған бөлімшелерінің ағымдағы және жинақ шоттары, сондай-ақ банктердің корреспонденттік шоттары болып бөлінеді.

 

Осы баптың 2-1-тармағында аталған операцияларды жүргізуге болмайтын шоттар, сондай-ақ банктердегі бухгалтерлік есептің позицияларын көрсететін шоттар, баланстық шоттардың құрамдас бөліктері болып табылатын жеке шоттар (қосалқы позициялар), соның ішінде несие шоттары банк шоттары болып табылмайды.

 

Демек, банктік қарызға қызмет көрсету дербес банктік операция емес, керісінше Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 750-бабының талаптарына сәйкес, банктің орындайтын міндетті операциялары болып табылады.

 

Сонымен қатар, ҚР Азаматтық процестік кодексінің 72-бабының талаптарына сәйкес, сотқа жауапкер тарапынан қарызға қызмет көрсеткені үшін төленетін комиссияның алынуының негізділігін қуаттайтын дәлелдемелер ұсынылмайды, көп жағдайда сотқа тіпті қатыспайды да.

 

Сондықтан, соттар тарапынан бұл шарттың бөлігі заңсыз деп танылып, заңсыз ұсталған қарызға қызмет көрсеткені үшін комиссияның төленген соммасы банктерден талап қоюшы пайдасына өндіріледі.

 

Қазіргі таңда, аталған істер бойынша сот практикасы бірыңғайландырылды.

 

Аталған санаттағы істер бойынша барлық жағдайда талап қоюшының талабы қанағаттандырылмайды, тек қана 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін жасақталған шарттар бойынша ғана талаптар қанағаттандырылып отыр.

 

Себебі, ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 30 мамыр 2016 жылғы №134 санды қаулысымен «банктік несиелерді жеке тұлғаларға берумен байланысты комиссиялар мен басқа да төлемдер тізімі» бекітілді. Аталған қаулы 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді және оның күші осы уақыттан кейін жасақталған шарттарға қолданылады.

 

Соттар аталған уақыттан кейін жасақталған шарттар бойынша, осы тізбенің талаптарын басшылыққа ала отырып шешім шығару қажет.

 

Сонымен қатар, талап қоюшының талабы қанағаттандырылып, банктік несие туралы шарттың қызмет көрсеткені үшін комиссия ұстау туралы бөлігі заңсыз деп табылып, сот шешім шығарғанға дейін ұсталған комиссиялар кері қайтарылу туралы шешімге жауапкер, яғни екінші дәрежелі банктер апелляциялық шағым келтіріп жатады. Аталған апелляциялық шағым апелляциялық сатыда қаралып, іс қайтадан бірінші сатыдағы сотқа жолданғанша 2-3 ай уақыт өтеді.

 

Қазіргі таңда сол уақыт аралығындағы комиссияны да қайтару туралы даулар туындауда.Себебі талап қоюшы сотқа талап арыз берген күнге дейінгі комиссия мөлшерін көрсетеді талап арызда, атқару парағы сол мөлшерде жазылады.

 

Алайда, сот шешімімен несие шартының комиссия ұстау туралы бөлігі заңсыз деп танылғандықтан, болашақта комиссия ұстау заңсыз. Дегенмен, сот шешімі шығып, шешім заңды күшіне енген уақыт аралығындағы комиссия екінші дәрежелі банктермен қайтарылмай, халықтың арасында тағы да наразылық, талап арыздар тудырады.

 

Сондықтан, бұл жағдайда сотқа дейін реттеу медиация тәртібімен тараптар арасында шешілсе, нұр үстіне нұр болар еді. 

 

Маңғыстау облыстық сотының

судьясы Г. Бақытжанова

 

Суреттер dep-nedra.mid.gov.kz сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему