Сотқа дейінгі дауды шешу - тараптар үшін маңызды
Курс валют в Актау
на 06/08/2020
 
417.49
422.14
 
492.7
498.39
 
5.59
5.83
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
6 Августа, 15:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сотқа дейінгі дауды шешу - тараптар үшін маңызды

21 Февраля 2018 (18:29) | 1901 | Автор: Нурганым Имашева

2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілген Азаматтық процесстік кодексіне «Дауларды соттан тыс реттеу» деп аталатын жаңа тарау енгізілген. (17 тарау, 174-182 баптар)

 

 

Кодекс енгізілген екі жылдан бері азаматтар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасауға мүмкіндік алды. Құжатқа сәйкес, татуласу келісім бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда судья кеңесу бөлмесіне кеткенге дейінгі уақытта, сот талқылауының кез-келген сатысында, сондай-ақ, сот актісінің орындалуы кезінде жасалуы қарастырылған.

 

Азаматтар өз шарттарын қойып, оған өзара келіскен жағдайда ғана татуласу келісімі бекітіледі. Ең бастысы, шешім орындалмай қалмауы керек. Тараптар өзара келісімге келу арқылы өзіне жүктелген міндеттемені де дер кезінде орындауға міндеттенетінін қаперінде ұстауы шарт. Келісім ерікті түрде орындалмаған жағдайда талапкердің өтінішхаты бойынша сот берген атқару парағы мәжбүрлеп орындатуға жатады.

 

Татуласу рәсімдерін қолдана отырып дауды реттеу туралы өтінішхат, егер осы Кодексте немесе заңда өзгеше көзделмесе, жария-құқықтық қатынастардан туындайтын істерден басқа, талап қою ісін жүргізудің кез-келген ісі бойынша берілуі мүмкін.

 

Елімізде дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде 2011 жылдың  28 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы»  Заңы жария етілді.

 

Аталған Заң жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан, сондай ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында және де сотқа дейінгі дауларды шешуге, сонымен қатар атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар бойынша қолданылады.

 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының 26.01.2017 жылғы өкімімен  «Медиация тәртібімен кейбір даулар бойынша сотқа дейінгі дауларды реттеуді еңгізу пилоттық жобасын жүзеге асыру» Ережесі бекітілген, осы пилоттық жоба көптеген даулардың сотқа дейінгі тәртіпте шешуін, мысалы, неке бұзу туралы, мүлік бөлісу туралы, кейбір еңбек даулары бойынша, баланың құқығын қорғау даулары және т.б. даулар бойынша көзделген.

 

Бүгінгі күні медиация институты – дау-жанжалдарды шешудің ең тиімді баламалы жолы және азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғауды арттыру жолы.

 

Медиатордың негізгі міндеті – екі тарапты татуластырып, бітімгершілікке келтіру болып саналады. Бітімгершілік – дауды шешудің озық әдісі болып табылады. Ұсақ-түйек келіспеушіліктердің бітімгершілікпен шешілуі, қиын істердің сапалы қаралуына ықпал етіп, азаматтардың уақытын үнемдеп, сот барысында орын алатын моральдық, материалдық қиындықтардан құтқарады. Медиация тәсілі сот ісіндегі тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз етеді.

 

Ақтау қалалық №2 сотының судьясы

Джумаева М.М.

Суреттер advokatura.kz сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему