«Ақжарма» фолькорлық ансамблі көрерменін кезекті концертімен қуантты
4 Февраля 2018 (14:55) | 2224 | Автор: Нурганым Имашева
Жуырда Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының «Ақжарма» фолькорлық ансамблі мен би тобының «Ән арқауы -Қазақстан» атты концерті өтті.
Ансамбльдің көркемдік жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Айдарбек Оңайбаев болса, би тобына Айнұр Сариева жетекшілік етеді.
Концерттік бағдарламада Ғ. Құрманғалиевтың «Сәлем Қазақстан», Ш.Қалдаяқовтың «Отан» әндерін «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуінде «Мәдениет саласының үздігі» Асанәлі Көшеров орындаса, республикалық дәстүрлі әншілер байқауының бас жүлдегерлері Сәбит Шектібаев пен Әзімхан Баймағанбетовтың орындауларында халық әндері мен термесінен попуррилер, Жеті қайқының әндері шырқалды.
Сондай-ақ, Құрманғазы атындағы республикалық күйшілер байқауының бас жүлдегері Еркебұлан Соңғыбаев Есбайдың «Терісқақпай» күйін шебер орындады.
«Ақжарма» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен орындалған би тобының «Жайлауда», «Шалқыма» билері көрерменнің көңілінен шығып, ыстық ықыласына бөленді.
- Рухани жаңғырудың арқауы – ұлттық кодтың сақталуы. Ұлттық салт – дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, бір сөзбен айтқанда халқымыздың мәдениетін, ұлттық рухымызды сақтау - рухани жаңғырудың бастауы.
Жаңғыру ұғымы - жаһандану дәуірінде ұлттық өнерімізді сақтау, болашаққа жеткізу болса, концертте шырқалған әндер – Отанға, елге деген сүйіспеншілік сезімдеріне арналды. Адағы уақытта да мұндай өнер кештері өз жалғасын табатын болады,- дейді М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының директоры Бекбол Таңатарұлы Базарбаев.
Концертке 200 - ден аса көрермен қатысты. Өнерпаздардың өнері халықтың көңілінің төрінен орын алып, көрермен қауым әртістерге зор қошемет білдірді.
Суреттердіұсынған М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему