ЖАҢҒЫРҒАН ЖАСТАР – БОЛАШАҚҚА БАСТАР
27 Июня 2018 (15:22) | 3878 |
Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы «Кеңес алаңы» жобасы аясында жастарға көшпелі кеңес беру шарасын ұйымдастырады.
Жастар және қала тұрғындарымен кездесуге: Ақтау қалалық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту орталығы, Маңғыстау облысының «Жаңа Серпін» орталығы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Маңғыстау облысының аймақтық филиалы, Маңғыстау облысының еңбек басқармасы, Ақтау қалалық прокуратурасы, «Даму» қоры Маңғыстау облыстық аймақтық филиалы, Маңғыстау облысының дін басқармасы, ЖИТС – тың алдын – алу және оған күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы, № 1 Ақтау қалалық емханасы, «Freedom finance» қаржылық қоры және Маңғыстау облысының салауатты өмір салтын ұстану орталығының мамандары арнайы шақырылған.
Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы бір мезетте түрлі саланың мамандарынан кеңестік көмек алу мүмкіндігін қалт жібермей пайдалануға шақырады. Бұл уақытты үнемдеп, түйткілді мәселенің түйінін шешуге жол ашады.
Мемлекеттік мекемелердің мамандары беретін кеңестер тегін.
Көшпелі кеңес беру 28 маусым 2018ж. сағат 19-00, Ақтау қаласында 15 шағынауданның теңіз жағалауында өтеді.
Суреттер "Айқын" газеті, Егемен Қазақстан, astana-akshamy.kz сайттарына алынды
Зарегистрируйтесь или войдите в систему