Қарақиялық құтқарушылар балаларға қауіпсіздік ережелерін үйретті
29 Января 2018 (19:20) | 3989 | Автор: Нурганым Имашева
Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің мұрындық болуымен Құрық селосында орналасқан №9 бастауыш мектебінің 4 сынып оқушылар арасында «Төтенше жағдайлар туралы не білесіз?» атты акция ұйымдастырылды.
Іс-шара өту барысында балаларға Төтенше жағдайлардың қызметтері, оның ішінде «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі», «Судан құтқару жасағы» қызметтерімен сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың түрлері және одан қалай қорғану керек екендігі айтылды.
Сонымен қатар үйде немесе басқада жерлерде өрт қауіпті заттарды асыра пайдаланбау керектігі айтылып, оқушыларға егер өрт болғанда немесе төтенше жағдайлар орын алған кезде «101», «112» телефондары арқылы құтқарушыларды көмекке шақыру т.б. жөнінде, өздерінің қауіпсіздігі үшін әрдайым айналадағы құбылыстарды қадағалап, сақтық шараларына назар аударып жүрулері қажет екені түсіндірілді.
Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының м.а. азаматтық қорғау аға лейтенанты Данияр Елшібаев
Суреттерді түсірген Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему