Ақтауда «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ашылды
Курс валют в Актау
на 19/09/2020
 
419.35
423.74
 
497.07
502.41
 
5.49
5.73
Номер редакции: +7 707 040 14 80
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
19 Сентября, 05:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ашылды

27 Ноября 2017 (22:31) | 2673 | Автор: Нурганым Имашева

Жуырда Ақтау қаласында «Өркениетті келешек» қоғамдық қорының бастамасымен «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» ашылуы болып өтті. Орталық жұмысы Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен ұйымдастырылды.

 

 

«Өркениетті келешек» қоғамдық қорының директоры Гүлбаршын Қарабалинаның мәлімдеуінше, «Өркениетті келешек» қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен «Әлеуметтік қызмет көрсету Орталығының қызметін ұйымдастыру» жобасын жүзеге асыруда.

 

Жоба аясында Қоғамдық қор Ақтау қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен қарттарға және ерекше балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған Орталық қызметін ұйымдастырады.

 

 

- 30-40 қарттар, ерекше балаларға үй жағдайында әлеуметтік қызметтер көрсетеді;

– қарт кісінің, ерекше тұрғындардың өзінің жеке күші мен мүмкіндіктерінің потенциалын белсендендіреді;

 – қызмет алушылардың қызығушылығын ескере отырып клубтар, үйірмелер ұйымдастыру, мерекелік, демалыс шараларын бірге өткізуге мүмкіндіктер жасайды; 

– қызмет алушылардың мүмкіндіктері мен қызығушылығына қарай түрлі қол еңбегімен айналысуға мүмкіндік жасайды;

– қолданыстағы заңнамаларға сәйкес тиісті әлеуметтік төлемдер мен көмектерді рәсімдеуге, алуға ықпал жасайды;

– қажеттілігіне қарай, қызмет алушыларды заңдық күші бар құжаттарды рәсімдеу үшін, сонымен бірге емдеу-медициналық, құқық қорғау тағы да басқа орындарға бірге барып, ілесіп жүреді;

– компьютерлік сауаттандыруға, интернет желісін пайлалануға тартады;

– қызмет алушылардың тұрмыстық қызметтерін өтеуге (үй жинауға, кір жууға, коммуналдық қызметтер ақысын төлеуге) ықпал жасайды;

– халықтың арасында әлеуметтік-еңбек саласындағы реформалар туралы ақпараттық-түсінік жұмыстарын жүргізеді;

– қызмет алушылардың қоғам өміріне, түрлі қайырымдылық шараларына қатысуын ынталандырады».

 

 

Аталған жобаны жүзеге асыру аясында мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмысты жандандыра түсу үшін реабилитациялық жабдықтың сатып алынатыны жайлы айтқан Қоғамдық қордың жетекшісі Гүлбаршын Қарабалина, Орталықта осындай жандарға қызмет көрсетумен қатар оларды қолөнерге үйрету жұмыстары да қолға алынатынын тілге тиек етті.

 

6 қарашадан бастап Орталықта ерекше балалардың аналарын массаж жасау тәсілдеріне үйрету сабақтары басталған.

 

-Мұндағы біздің көздеген масатымыз – аналар өздерінің балаларына массаж жасаумен қатар, қолдары босағанда өзгелерге де массаж жасау арқылы табыс тапсын деген ниет.

 

Орталыққа қызығушылықтары бойынша бас қосу клубтарына, түрлі үйірмелерге қатысуға шақыра отырып, мүмкіндігі шектеулі адамдардың ортаға бейімделуіне, мерекелік шаралардан құр қалмай, өздерінің уақыттарын қызықты етіп өткізуге ынталандырып, қоғам өміріне белсене араласуға ықпал етсек дейміз, - дейді «Өркениетті келешек» қоғамдық қорының директоры Гүлбаршын Қарабалина.

 

 

Оның айтуынша, «Орталыққа адамдар мүгедектікті қалай рәсімдеу керек, оларға заң аясында қандай әлеуметтік қаржылай көмек, төлемдер қарастырылған - осы сұрақтар бойынша кеңес алуға келуіне болады.

 

Орталықтың әлеуметтік қызметкерлері мұқтаж жандарға компьютерлік бағдарламаларды, қосымшаларды қолдануды үйрететін болады, сол арқылы мүгедек жандар электронды мемлекеттік қызмет түрлерін алуды, банк қызметін пайдалануды үйрене алады.

 

Сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлер егде жастағы қарияларға және мүгедек жандарға тұрмыста көмек көрсететін болады. Орталық халыққа әлеуметтік реформалар туралы ақпаратты таратады.

 

Сонымен қатар, Орталықта мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қол арбада отырып би билеумен айналысатын топ жинақталып жатыр. Би билеуге үйретумен "Vega DANCE" клубы айналысады. Өздеріңіз және өз жақындарыңыз үшін жаңа әлемді ашып, сол жерден сіздің бойыңызда бар әлеуетті пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін табыңыз!»

 

«Кейбір мемлекеттік қызметтерді бәсекелес ортаға беру керек» деп, Президентіміз тапсырғандай, осы жылдан бастап үкіметтік емес ұйымдарға алғаш рет осындай қызмет тапсырылып отыр. Көптеген елдерде қарттар мен ерекше тұрғындарға үйдегі күтім көрсету, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды ортаға бейімдеу және өзге әлеуметтік қызметтерді мемелекет көрсетпейді, олар қоғамдық мекемелерге жүктеледі.

 

Мемлекет, жалпы, осы қызметті үйлестіріп, бақылап отырады. Болашақта осы жобалардың нәтижесінде қызмет алушылар мемлекеттік әлеуметтік қызметкерлердің қызметін немесе мемлекеттің тапсырысымен үкіметтік емес ұйымның қызметін таңдауға мүмкіндік алуы мүмкін, - дейді, «Өркениетті келешек» қоғамдық қорының директоры Гүлбаршын Қарабалина.

 

Орталық Ақтау қаласы, 2 ш/а, 73 үй, 5 пәтерде орналасқан. Телефоны: 50-35-95. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему