Екі жаққа тиімді кездесу
3 Мая 2018 (20:23) | 1874 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облыстық сотында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, судьялар мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облыстық департаментінің қызметкерлеріменкездесу өтті.
Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының төраға м.а. Нұрсапа Примашев және судьялар, Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Хыдыр Бегалиев, бөлім басшылары мен сот қызметкерлері, сондай-ақ видеоконференцбайланыс арқылы барлық соттардың судьялары мен сот қызметкерлері қатысты.
Елбасы«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауының тоғызыншы міндетінде жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі мәселесіне ерекше тоқталған болатын. Қоғамды әбден дендеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретінің шегінде барынша белсенді іс-қимыл жүргізуге міндетті.
Кездесуде сөз алған департамент қызметкері Ербол Жұмабай қоғамдық бақылау картасы туралы баяндады. Яғни,кез келген тұрғын күдік тудырған жайт бойынша видеоға түсіріп, ғаламтордағы әлеуметтік желілерге жүктей отырып, тиісті органдарға шағым бере алады. Осылайша мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын, жол құрылысын немесе өзге де мемлекеттік қызметке қатысты мәселелерді бақылауға болады. Сондай-ақ, ол сыбайлас жемқорлыққа дәнекер болғандарда жауапқа тартылатынынескертті.
Нұрсапа Примашев кездесу барысында әріптестерін ертеңі үшін елеңдейтін саналы азамат ретінде жемқорлықты ауыздықтауға жеке үлесқосуға шақырды.
Жиын барысында мемлекеттік қызметшілерді орталықтандырылған тегін медициналық қызметпен, баспанамен қамтамасыз ету немесе жер телімін беру секілді әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерінің кезең-кезеңімен қолға алынып жатқаны туралы айтылды. Іс-шара соңында осы тақырыптарда құқықтық-танымдық видеороликтер көрсетілді.
Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттерді ұсынған Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему