Ақтауда дзюдодан халықаралық турнир өтуде
Курс валют в Актау
на 18/02/2020
 
375.51
378.72
 
406.82
411
 
5.84
6.01
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
18 Февраля, 00:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда дзюдодан халықаралық турнир өтуде

20 Ноября 2017 (00:10) | 1135 | Автор: Нурганым Имашева

Облыс орталығында 18-19 қараша күндері дзюдодан халықаралық турнир ұйымдастырылуда. Дәстүрлі түрде сегізінші рет өткізіліп отырған жарыс КСРО спорт шеберіне үміткер, қазақ күресі мен дзюдодан ауыл жастарын дайындаған белгілі бапкер Баламұрат Ақшабаевтың жүлдесіне арналған.

 

 

Жарысқа еліміздің барлық өңірінен, көршілес Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінен 2001-2003 және 2004-2006 жылы туған 500 балуан қатысуда. Дзюдо жарысының салтанатты ашылу шарасы 18қараша күні «Маңғыстау арена» спорт кешенінде өтті.

 

Алқалы жиынға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Тілек Құшмағанбетов, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, ҚР Дзюдо Федерациясының вице-президенті, Маңғыстау облыстық Дзюдо Федерациясының президенті Самат Базарбайұлы Мұсабаев, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бекболат Байжанов, облыстық мәслихаттың депутаты, Маңғыстау облысының самбо Федерациясының құрметті президенті Нұрпейіс Сәрсенбай және т.б. бір топ азамат қатысты.

 

Жарысқа қатысушыларға құттықтау арнаған қала әкімінің орынбасары Т.Құшмағанбетов, Маңғыстау облыстық Дзюдо Федерациясының президенті Самат Базарбайұлы Мұсабаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Б. Байжанов және Маңғыстау ауданының құрметті азаматы Оразғали Өтеуліұлы спортшыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.

 

 

Осыдан 8 жыл бұрын қолға алынған еркін күрестен КСРО спорт шеберіне үміткер, қазақ күресі мен дзюдодан ауыл жастарын дайындаған белгілі бапкер Баламұрат Ақшабаевтың жүлдесіне арналған Ашық республикалық турнир жұмысы бүгінде тәуелсіз еліміздегі дзюдо жарыстарының қатарын көбейтуде. Елімізде дзюдо күресін өзіне серік еткен жасөспірімдердің саны 76 000-ға жуық. Бұл, әрине, үлкен жетістік, зор нәтиже.

 

-Турнирдің басты мақсаты-жас спортшылардың шеберлігін шыңдау, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жас спортшылардың халықаралық жарыстардағы тәжірибесін нығайту. Турнир биыл сегізінші рет өткізіліп отыр.

 

Бұл жарысқа облыстық чемпионаттың іріктеуінен өткен жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысуда. Жарыстан бірінші, екінші орын алған балуандар ҚР-ның «Спорт шеберіне үміткер» деген атақ алады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, «мықтылардың» топ жаруына тілекшімін,-дейді облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Жомарт Қобыланов.

 

Дүбірлі доданың ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Т.Құшмағанбетов Маңғыстау облысы әкімі орынбасарының Алғыс хатымен және ҚР спортты дамытуға қосқан үлесі үшін төсбелгісімен жарыстың бас демеушісі Ә.Сұлтанбаевты марапаттады. Сонымен қатар Маңғыстау облысы әкімі орынбасарының Алғыс хатымен ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушылар Берік Жұмағалиев пен Сергей Волобуев те марапатталды.

 

 

Спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хаттар спортшылар Бауыржан Сағынғалиұлына, Бауыржан Нарбаевқа және Әмірбек Жеңісовке де табысталды.

 

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бекболат Байжанов Маңғыстау облыстық Дзюдо Федерациясының президенті Самат Базарбайұлы Мұсабаевтың кеудесіне «Патриоттық және азаматтық белсенділігі үшін» төсбелгісін тақты.

 

Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының Алғыс хатымен «Жас батыр»мамандандырылған балалар және жасөспірімдер мектебінің бірқатар қызметкерлері марапатталды.

 

18-19 қараша күндері өтетін республикалық турнирдің қорытындысы туралы ақпаратты алдағы уақытта басылым сайтынан оқитын боласыздар.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему