Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету - басты міндетіміз
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 05:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету - басты міндетіміз

13 Мая 2018 (18:54) | 3496 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік обьектілердің, аса қауіпті зиянкестердің, фитопотогендік организмдердің және арамшөптердің әкелінуі мен таралуынан қорғау Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің маңызды міндеті болып табылады.

 

 

Фитосанитарлық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған әкелінетін  өнімді тұрақты бастапқы карантиндік тексеруді, қажет болғанда үлгілерін, көлік құралдарын, қол жүгі мен багажды іріктеу арқылы оның зертханалық сараптамасын жүргізеді, әкелінетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімнің  карантиндік құжаттарын  қарайды.

 

Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау обьектілері мыналар болып табылады:

1) Ауыл шаруашылық, орман және сәндік дақылдарының тұқымдары мен отырғызылатын материалдары, өсімдіктер мен олардың бөліктері (қалемшесі, жуашығы, түйнегі, жемісі), сондай-ақ карантинді обьектілерді жұқтырушы болуы мүмкін өсімдіктекті басқа да кез-келген өнім;

 

 2) Өсімдіктер ауруларын  қоздырушылар – тірі саңырауқұлақтар өсімдері вирустар, бактериялар, сондай-ақ нематодтар, кенелер мен насекомдар;

 

3) Насекомдардың, өсімдіктер ауруларын қоздырушылардың коллекциялары;

 

4) Карантинді обьектілердің жұқтырғыштары болуы мүмкін ауыл шаруашылық машиналары мен топырақ өңдеуге арналған құралдар, көлік құралдары, ыдыстың барлық түрі, буып-түю материалдары, өсімдік материалдарынан жасалған өнеркәсіп тауарлары мен бұйымдары, топырақ құймалары мен үлгілері.

 

Импорттық және транзиттік карантинге жатқызылған өнім Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жабық немесе изотермиялық, ақаусыз және пломбаланған контейнерлермен, герметикалық орамдармен, вагондармен, автофургондармен, автореферижаторлармен және басқа да көлік құралдарымен тасымалданады. 

 

 

Фитосанитарлық  бақылау бекетінен  өткен транзиттік, келген импорттық және республика ішілік тасымалданған карантиндік өнімдерге  бақылау жасалады. Тиісті құжаттары беріліп отырады. Келіп түскен карантиндік өнімдерден зертханаға үлгілер алынып сараптамаға  жіберіледі.

 

 Зертхана қорытындысында карантиндік нысандар анықталған жағдайда экспорттаушы елге кері қайтарылады. Қазақстан Республикасының  өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзу туралы кодексінің 400-бабына сәйкес карантиндік, фитосанитарлық сертификаты болмаған жағдайда заңды, жеке тұлғаларға айыппұл салынады.

 

Еуроазиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 157 30.11.2016 жылғы шешіміндегі көрсетілген карантиндік өнімдерге берілетін фитосанитарлық сертификат құжатындағы қосымша декларацияда өнімнің шыққан жерінің  аумағының карантиндік зиянды нысандардан таза деп жазылуын қадағалап отырамыз.

 

«Өсімдіктер карантині туралы» ҚР Заңының 4-бабының 4-тармағына сәйкес, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру қағидаларының бірі - халықтың, жеке және заңды тұлғалардың, ұйымдардың, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі шараларды орындауға белсенді қатысуы болып табылады.

 

Омар Аққұлов

ҚР АШМ АӨК МИК-нің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының бас мамандары-өсімдіктер карантині мемлекеттік инспекторы

 

Суреттер  "Айқын" газеті, www.inform.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему