Жастар ізгілік шарасын ұйымдастырды
Курс валют в Актау
на 29/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Ноября, 04:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жастар ізгілік шарасын ұйымдастырды

23 Октября 2017 (17:03) | 2237 | Автор: Нурганым Имашева

Қасиетті жұма күні Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығының ерікті жастар корпусы облыстық Бекет ата мешітінің алдында қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Алдын-ала әлеуметтік желілер арқылы шараның афишасын дайындап, көпшілікке таратқан жастар Ақтаудағы сауда орындарына барып, азық-түлік, балалар аяқ киімдерін сататын кәсіпкерлерге жолығып, қайырымдылық жәрмеңкесін өткізуге көмек сұрады. Өз қолдарымен дайындаған тәттілерін алып келіп, жәрмеңкеде сату арқылы ерікті жастар сауапты іске өз үлестерін қосты. Сөйтіп, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бірауыздан ізгілікті іске атсалысқан жастар жұма күні мешітке келген жамағаттың назарын қайырымдылық шараға аударып, 5 жасар сырқат бала Әбдуғаппаров Азаматтың Алматы қаласына емделуге баратын жол қаржысын жинап беруге әрекет жасады.

 

 

Жас көсбасшы, «Қамқор-Ақтау» ҚҚ төрайымы Кенжегүл Тайғара:

-Бүгінгі қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырудағы мақсатымыз -5 жасар балапанымыз Әбдуғаппаров Азаматтың емделуіне көмектесу. Ол бала ДЦП сырқатымен ауырады, құлағы естімейді, сөйлей алмайды. Алматы қаласында емделуіне квота алып берген болатынбыз. Енді сонда баруына жол қаражаты болмауына байланысты, анасына қол ұшын созуды жөн көрдік.

 

Бұл шараны ұйымдастыруға Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығының ерікті жастар корпусы бастама көтеріп, белсенді жастар қолдарынан келген көмектерін жасап жатыр.

 

Елбасының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бізге-жастарға үлкен бағыт-бағдар болып отыр. Осы бағдарламаның «Асар» атты бағыты  бойынша осындай ізгілікті істі атқаруға Маңғыстау жастары белсене атсалысуда.

 

 

Жастармен қатар аға ұрпақ өкілдері де қайырымдылық шараға өз үлестерін қосып, біреуі қаржылай көмек жасаса, екіншілері жәрмеңкеден балалар аяқ киімін, өзге де нәрселерді сатып алу арқылы қол ұшын созып, бүгінгі жұма күні мешітке келген жамағат белсенді болғаны, әрине, бізді қуантып отыр.

 

Жәрмеңкеге қала тұрғындары, студент жастар және кейбір кәсіпкерлер де белсене қатысты.

 

-Кез-келген қайырымдылық шаралар қоғамның әрбір мүшесі үшін маңызды нәрсе, өйткені, ол сауапты іс. Жақсылық жасау – қайырымды іс. Маңғыстау жастарының сауапты іске жұмылып, сырқат баланың еміне қаражат жинау ісіне көмектесіп жатқандары өте жақсы қадам. Жастардың жүрегінде имандылықтың орнауы, келешекте еліне адал қызмет ететін, жүрегінде иманы бар, елін ойлайтын, осындай сырқаты бар жасөспірімдердің тағдырына бей-жай қарамайтын жастардың қатары көбейіп келе жатқаны байқалады.Сол себептен орталық мешіт те осы шараны қолдап отыр, -деді облыстық мешіттің наиб-имамы Атибеков Эльдар Жексенұлы.

 

Жүрегінің жылуы мол, жаны жайсаң азаматтар мен азаматшалардың жәрмеңке барысында өз көмегін көрсетуге ұмтылғаны анық байқалды. Солардың бірі Ақтау қаласының тұрғыны Гүлнәр Тукаева:

-Бүгін өте керемет шара өтіп жатыр, адамның көңілін қуантатын, жүректі жібітетін, қайырымды жандардың бұл жасап жатқан жақсылықтары үшін Аллаға мың сан мәрте рахмет! Ақтау қаласының жүрегі «Мен-Қазақпын» деп соғатын мұсылман азаматтарының осындай ізгі істерге араласып, қол ұшын бергені өте жақсы, құптарлық жайт деп есептеймін. Аллах Тағаланың әр адамға беретін молшылығы мен несібесі бар.

 

 

Осындай балаларға көмектесу парыз, өйткені, өзіміздің де баламыз бар. Ауыр сырқатқа шалдыққан балаларға көмектесіп тұрған жақсы деп ойлаймын.Осы іске бастамашы болған адамдарға көп-көп алғыс айтқым келеді. Алланың нұры жаусын!Осындай игі шараларға атсалысайық! Бір-бірімізге көмектесейік! Бауырмалшыл болайық!

 

Қайырымдылық жәрмеңкесі болып жатқан Бекет ата орталық мешітінің алдындағы алаңға Әбдуғаппаров Азаматтың анасы да келді.

 

-Екі ұлым бар, оның бірі осы Азамат деген 5 жасар балам, жолдасым жоқ. Бізге көмектесіп жатқан барлық адамдарға алғысым шексіз. Алладын қайтсын жақсылықтарыңыз.

 

 

Азамат ұлым – сөйлей де алмайды, құлағы да естімейді. Қолымның қысқалығы қолбайлау болып отыр, өзім екі ұлыммен Дәулет кентінде үй жалдап тұрам. Жағдайымыз күрделі, баламның құлағы естімегені қиын. Алла бұйыртса, Азаматымды емдетсем деген арманым бар. Квотамен Алматыға барсақ, дәрігерлер ота жасату керек дейді, шынымды айтсам, өз басым қорқам балам үшін. Қазір ұлымды арнайы балабақшаға орналастыру үшін құжаттар жинастырып жатырмын,- деді Азаматтың анасы Зәуре Әбдуғаппарова.

 

Қайырымдылық жәрмеңкесі аяқталысымен Азаматтың анасына жиналған қаржы табысталды. Ізгі шараның аясында ұйымдастырушылардың айтуынша, баланың еміне көмек қолын созған жандардың қолдауының арқасында 131 мың теңге көлемінде қаражат жиналған.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему