Браконьерлер Маңғыстау табиғатына 40 миллионнан астам зиян келтірген
12 Октября 2017 (10:58) | 1972 | Автор: Нурганым Имашева
«Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы құқық қорғау және уәкілетті органдармен бірлесіп «СТОП-Браконьер» жобасын жүзеге асыруда.
Аталмыш жоба аясында мәжіліс отырысы өткізіліп, табиғат қорғау прокуратурасымен рейдтік іс-шаралар жүргізу, оның ішінде Каспий теңізінің акваториясында траление жүргізу туралы тапсырма берілді», - деп хабарлады біздің басылымға Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының баспасөз қызметі.
-Траление жүргізу нәтижесімен құқық қорғау және уәкілетті органдармен Каспий теңізінен бекіре тұқымдас балықтарын аулауға арналған 3000 м. болатын браконьерлік (ахан) ауы табылып, әрі қарай өртеу жолымен жойылды.
Жыл басынан бері облыс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 53 экологиялық қылмыс тіркеліп (ҚР ҚК 335-бабымен – 14, 339-бабымен – 39), 34 іс сотқа жолданып, 13 қылмыстық істің мерзімдері үзіліп, 4 іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Ұсталғандардан 988 дананы құраған 3 934.35 кг.бекіре тұқымдас балықтары, 4 кг. қара уылдырық, 1 дана «Казанка» кайығы, 2 дана «Меркурий» моторы, 1 дана «Гармин» новигатор құралы, 5 500 м. ахан ауы алынды.
Осының салдарынан табиғатқа зиян келтірушілермен мемлекетке 40 171 680 теңге көлемінде шығын келтірілген, - дейді Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының баспасөз қызметі.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему