Маңғыстау жастары атақты спорт саңлақтарымен кездесті
Курс валют в Актау
на 10/12/2019
 
385.7
387.59
 
425
429.06
 
5.96
6.13
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
10 Декабря, 03:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау жастары атақты спорт саңлақтарымен кездесті

5 Октября 2017 (11:19) | 850 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін 4 қазан күні "Жастар үйінде", «LECTORIUM» жобасы аясында, еліміздің мақтаныштары, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шеберлері, Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов, Қазақ боксының атасы  - Шоқыр Бөлтекұлының ең алғашқы шәкіртінің бірі Серік Әбдіналиев, Афина Олимпиадасының чемпионы, Вел Баркер Кубогының иегері Бақтияр Артаев және Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері, кәсіпқой бокстан орта салмақтан Әлем Чемпионы Қанат Исламмен Маңғыстау жастарының кездесуі өтті.

 

 

Кездесу барысында жастар атақты спортшыларға өздерін толғандырған түрлі сауалдарын қойып, оларға тұшымды жауап алды. Жастарды толғандырған сауалдар арасында спортшыларға алғашқы сұрақтардың бірі ретінде қойылғаны, әрі маңызды, мағыналысы ретінде «Бекен жастары» жастар ұйымының жетекшісі Мұқаш Бекенұлының қазіргі қоғамдағы қазақ қыздарының тәрбиесі туралы спортшылардың ойы қандай екені туралы сауалы болды.

 

Бұл сұраққа жауап берген   Әлем Чемпионы Қанат Ислам:

 

 

-Қазақ «Арым – жанымның садағасы» деген қағиданы мықты ұстанған қашан да. Сондықтан халқымыздың ары саналатын – қыздардың тәрбиесі үшін біз –жігіттер көбірек жауапты болуымыз қажет. Ер азаматтың бойындағы жауапкершілік күшті болуы керек, себебі қыз баланы біз тәрбиелейміз. Біз, азаматтар ұсақталған сайын олар шашылып кетеді. Сондықтан біз – ірі болуымыз керек, мықты болуымыз керек, жауапкершілікті өзімізге көбірек алған сайын олар да күшті бола бастайды, олар бізге қарап өседі. Біз, жігіттер, ірі болған сайын олар да мықты бола түседі, өзге елдің жігіттеріне қарамайтын болады, түзеледі, -деген өз пікірін білдірді.

 

Соңғы Халықаралық турнирлерде Өзбекстан боксшыларының мықтылық танытып, біздің боксшылардың осалдық танытқан тұстары көбірек байқалғаны туралы жастардың сауалына жауап берген Афина Олимпиадасының чемпионы, Вел Баркер Кубогының иегері Бақтияр Артаев:

 

 

-Оның сыры Өзбекстанның Федерация басшыларының бокстың дамуына көп көңіл бөлуінде жатыр деп ойлаймын. Ал біздің елімізде бокс Федерациясы басшылары тарапынан боксқа деген ондай көңіл бөлу жоқ болып тұр, өкінішке орай. Алайда, біздің жігіттер шетінен мықты, өздерінің мықты, текті екендіктерін талай рет дәлелдеп те келеді, тек біздің басшыларымыз жоспарлы түрде жұмыс жасап, бәрін ойдағыдай етіп жасаса, біздің бокста ондай олқылықтар орын алмаған болар еді. Бірақ спорт болған соң, бәсекелестіктің болуы сөзсіз, әрине.

 

Жігіттер намысты қолдан бермеуге тырысуда. Тек осыны басшылар тарапынан дұрыс түсіну мен қолдау болса,- дегенпікірін білдірді.

 

Атақты спортшылар жастардың сауалдарына жауап беру барысында жас өрендерге ешкімнен жасқанбайтын батыл болуды, бойындағы жалқаулық сияқты жағымсыз қылықтардан арылып, жетістікке жету жолында аянбай тер төгіп еңбектенудің маңызы туралы ойларымен бөлісіп, жастардың намысын жануға тырысты. Жас жеткіншектер тарапынан алдағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысты чемпиондардың ел спортшыларынан күтетін үміттері, спортшылардың хоббилері, былғары қолғап шеберлерінің жетістікке жетуінің құпиялары туралы түрлі сауалдар қойылды.

 

Басқосудың соңында спортшылар естелікке қолтаңбаларын қалдырып, Маңғыстау жастарына арнаған өз тілектерін айтты, жастармен бірге естелікке суретке түсті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему