″Маңғыстау″ индустриялы паркінде кәсіп ашушылар саны көбеюде
Курс валют в Актау
на 29/10/2020
 
426.3
430.12
 
503.38
508.55
 
5.45
5.67
Номер редакции: +7 707 040 14 80
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
29 Октября, 01:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

″Маңғыстау″ индустриялы паркінде кәсіп ашушылар саны көбеюде

4 Октября 2017 (08:43) | 869 | Автор: Нурганым Имашева

 

Осыған дейін "Маңғыстау" индустриялы паркінің іске қосылғанын хабарлағанбыз. Бүгінгі таңда аумағы 18 гектар жерді алып жатқан кешен ішінен "ұсынылған жеңілдіктерді пайдаланып, кәсібімді дөңгелетемін" деушілер саны көбейіп отыр. Кәсіпкерлердің бұл аймақты таңдап алуының себебі ұтымды тұстарының көп болуында:

 

1) Инфрақұрылым мәселесі толықтай шешілген (электр  желісі, су және кәріз құбырлары, авто және темір жол  желісі тартылған);

2) Кәсіпорын ашуға дайын ғимараттардың болуы (кеңсе  немесе өндірістік ғимарат түрінде);

3) Парк ішінде кәріз суларын толық тазарта алатын  мүмкіндікке ие құрылғы бар;

4) Жер учаскесінің жалдау ақысы төмен, коммуналдық  қызметі арзан.

 

Осындай мүмкіндікті қалт жібермеген үш бірдей кәсіпкер кеше өткен комиссия отырысында жобалары мақұлданып, қазір индустриялы парк аумағына орналасу үшін тараптар өзара жалдау шартын жасау үстінде. Олар:  "Нефтесервис" ЖШС (мұнай саласына арналған реагенттерді шығару бойынша); "RTServices Kazakhstan" ЖШС (қолданылған шикізатты қайта өңдеу бойынша); "Таспар" ЖШС (газобетон өндіру бойынша).

 

Құрметті кәсіпкер! Сізге де беріліп отырған мүмкіндікті жібермей, жобаңызды ұсынып, индустриялы парк қатысушысы атануға мүмкіндік туып отыр.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему