Істің көзін тапқан кәсіпкер
Курс валют в Актау
на 15/08/2020
 
416.97
421.31
 
489.33
494.76
 
5.59
5.83
Номер редакции: +7 707 040 14 80
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
15 Августа, 13:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Істің көзін тапқан кәсіпкер

7 Сентября 2017 (22:35) | 1259 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Маңғыстау өңірінде жылыжай шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Кәсіпкерлер аймаққа жеткізілетін азық-түліктің 80%-ын көрші мемлекеттерден тасымалдайтын болса, онда бұл шаруашылыққа басымдылық жасалуы да заңды екенін айтады.

Қазір облыста 400-ге жуық жылыжай бар. Оның ішінде 35 жылыжай жұмысы биыл басталды.

Солардың бірі – Ақшұқыр ауылында. Кәсіпкер Темірбек Бекебаев жылыжай құрылысын былтыр бастап, биыл іске қосқан. Нысанды салып, толықтай іске қосу үшін 300 млн-дай қаржы жұмсалған.

Қазір жылыжайда, қияр, қызанақ, болгар бұрышы мен құлпынай өсіріледі. Бүгінде аумағы 3 гектар жылыжайдан тәулігіне 1,5 тонна қияр алынады. Десек те, облыста бұл шаруашылықты жолға қою үшін білікті мамандар қажет.

-Агроном кәсібінен бөлек, гидропоника технологиясымен жұмыс жасайтын мамандар тапшы. Өз мамандығым – химик-технолог болғандықтан бұл кәсіптен әлдеқайдан хабарым бар. Енді жылыжайға «гидропоника технологиясымен» жұмыс істейтін мамандар керек.

Мен өзім интернет арқылы Иран Ислам республикасымен байланысқа шығып, ондағы мамандардан кеңес алып отырамын, – дейді қожалық иесі Темірбек Бекебаев.

Қожалық иесі тұқымды Израиль, Испания және Голландиядан арнайы сатып алады. Әсіресе, Голландия қиярларына сұраныс жоғары.

Ал, көкіністі суару үшін суды ұңғымадан тартып, оны арнайы бассейнде сүзгіден өткізеді.

Осылайша, ол құбыр арқылы жылыжайға жеткізіледі. Тамшылата суару әдісін пайдаланады.

Әзірге жылыжайда 15 адам жұмыс жасайды. Жылыжайдың құрылысы толық аяқталған соң, 120 адамды жұмыспен қамту жоспарда бар.

Бастысы, өңір тұрғындары сапалы, бағасы қолжетімді өнімді тұтынады. Мамандардың айтуынша, табиғаты шөлейтті аймақ үшін жылыжай шаруашылығы - жеміс-жидек өсірудің ең тиімді жолы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему