Аймақтың жұмысшы жастарының лагерінде жастар Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарымен кездесті
21 Августа 2017 (15:05) | 2615 | Автор: Нурганым Имашева
«Балдәурен» лагерінің базасында 19 тамызда бастау алған «Жастар – Отанға!» Маңғыстау облысы жұмысшы жастарының лагері үш күн бойы жұмыс жасауда. «Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының» ұйымдастыруымен өткізіліп жаатқан ауқымды шараға «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы, облыстық кәсіподақтар Орталығы қолдау көрсетіп отыр.
Кеше 20 тамызда лагерьдегі жас мамандармен жақында тағайындалған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Нұрлыбекұлы Сқақов кездесті.
Жастарға өмірден нақты мысалдар келтірумен ұлттық құндылықтар, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеу, елге, ұлтқа қызмет ету, заман талабына сай рухани жаңғыру жолында ұстанар бағыттар туралы әңгімелеген Мақсат Нұрлыбекұлының сөздерін жастар ұйып тыңдады.
М.Сқақов жастарға өз тәжірибесімен бөлісе отырып, ел дамуына үлес қосудың маңыздылығы, әрбір жастың белсенділігі арқасында қоғамның ілгерілеуі жолында атқарылар істер, қойылар міндеттер туралы әсерлі әңгімеледі. Жастар облыс әкімінің орынбасарына өз ұсыныстары мен жобаларын ұсынып, алдағы уақытта лагерь жұмысын кең ауқымда өрістету туралы пікірлерін білдірді. Мақсат Нұрлыбекұлы жастардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, ұсыныстар мен жобаларын қолдауға әркез дайын екенін жеткізді.
Кездесу еркін форматта, ашық әңгімелесу түрінде өтті.
Лагерьдің жұмысы 3 күнге созылады. Оған облыс аумағындағы өндірістік мекемелер мен түрлі компаниялардың жас мамандары, жастар ұйымдарының өкілдері, жастар орталықтары мен жасотандықтардың белсенді құрамы, барлығы - 70 жас жұмылдырылды.
- Лагерьді ұйымдастырудағы мақсат - Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауындағы: «Мен сіздерге - жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер» деген үндеуін және биылғы «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық кодты қалыптастыру мәселесін жастарға жеткізу.
Сонымен қатар, облыс көлемінде жастар саясатын одан әрі дамыту, өндірісте еңбек ететін жастарға барынша қолдау көрсетіп, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру және патриоттық бағыттағы іс – шараларға белсене қатысуға ынталандыру. Жастардың ортасында заманға лайық табысты жас қазақстандықтың бейнесін қалыптастыру.
Жұмысшы жастарды қоғам өміріне белсене араласуға тарту, қызығушылықтарын арттыру, - дейді «Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының» басшысы Аманғали Нұрдәулетов.
Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, «Лагерь жұмысының бағдарламасында жастар үшін жеке және кәсіби қабілеттерін дамытуға және жобаларды жүзеге асыруды үйренуге бағытталған тренингтер қарастырылған. Сонымен қатар, бағдарлама футбол, волейбол сияқты спорттық сайыстардан, кездесулер мен дәрістерден тұрады.
Лагерь күндері жастар облыс басшыларымен, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының жетекшілерімен, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Сүндетбаев Даниярмен кездеседі.
Шара қорытындысында лагерь жұмысына қатысқан жастар арнайы сертификаттармен марапатталады».
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему