Ақтаулық қос балуан Оралда жарыс жүлдегері атанды
20 Августа 2017 (22:29) | 2365 | Автор: Нурганым Имашева
14-16 тамыз аралығында Орал қаласында самбо күресінен 23 жасқа дейінгі балуандар арасында КСРО чемпионы, Әлем кубогының иегері, ҚР еңбегі сіңген спортшы Асқар Шайхиевті еске алуға арналған халықаралық турнир өтті. Оған Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінен 170-ге жуық балуан қатысып, 10 салмақ бойынша боз кілемде белдесті.
Аталмыш жарысқа Маңғыстау облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 5 спортшысы қатысып, оның 2-уі жарыс жүлдегері атанды.
57 келі салмақта күрескен Аманбек Құлқаев қола медальді иеленсе, 90 келі салмақта өнер көрсеткен Қанағат Қойжан күміс медальдің иесі атанды. Қуанышты жаңалықпен балуандарды жарысқа дайындаған белгілі бапкерлер Берік Жұмағалиев пен Ерлан Серіков бөлісті.
-Сәтті өнер көрсеткен қос балуанымызды кезекті жеңісімен құттықтаймын. Аманбек Құлқаев 6 кездесу өткізіп, шешуші сәтте тәжікстандық балуанға есесін жіберіп, қола медальдің иесі атанды.
Қанағат Қойжан болса 4 кездесуін сәтті аяқтап, финалда ақтөбелік балуанға ұтылды.
Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Турнирде 48 келі салмақта жеңімпаз атанған оралдық Ерасыл Бақытқа жерлестерінің атынан 500 АҚШ доллары табысталып, балуанға ұйымдастырушылар арғымақ мінгізді.
Сондай-ақ осы турнирге Әлемнің 3 дүркін чемпионы Асхат Шахаров пен Әлемнің 4 дүркін чемпионы Ерболат Байбатыров қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі,- дейді Ерлан Серіков.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему