Жастар еңбек пен спортты қатар алып жүруге талпыныс жасады
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 04:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жастар еңбек пен спортты қатар алып жүруге талпыныс жасады

14 Августа 2017 (19:26) | 2078 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтау қаласының «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары екінші еңбек маусымын аяқтау тұсындағы соңғы еңбек күндерін Каспий теңізінің жағалауында облыс орталығынан 45 шақырым жерде орналасқан «Балдәурен» лагерінің базасында өткізуде.

Таңертеңмен лагерь базасына келіп жеткен жастар алдымен лагерь аумағында санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастырып, төңіректі қураған шөптен тазартты.

Пайдалы еңбектен соң жас жеткіншектер спортттық жарыстарда өз күштерін сынауға бел буды.

Сөйтіп, жандарына спортты серік еткен жас өрендер төрт топқа бөлініп волейбол ойынынан өзара жарысқа түсті.

-Теңіз жағасында таза ауамен тыныстаған жасөспірімдер үшін еңбек пен спортты байланыстырудың маңызы зор болғаны сөзсіз. Өйткені, жұмыс істеумен қатар спорттық ойындар ойнау – олардың жігерін жанып, еңбекке деген құлшыныстарын арттыруға, өздерін ширақ сезінуге және ұжымдағы қарым-қатынастарын нығайтып, ауызбіршіліктері мен ынтымағын бекіте түсуге зор ықпал етті, - дейді «Жасыл ел» еңбек жасақтары сарбаздарының жетекшісі, «Маңғыстау облысының Жастар Ресурстық Орталығы» КММ бөлім басшысы Азамат Ахмедов.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему