Ақтауда самбодан ашық республикалық турнир басталды
Курс валют в Актау
на 27/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
27 Ноября, 02:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда самбодан ашық республикалық турнир басталды

12 Августа 2017 (09:09) | 2754 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтауда самбодан ашық республикалық турнир басталды

 

Бүгін облыс орталығында самбодан ҚР-ның еңбегі сіңген жаттықтырушысы, Құрмет орденінің иегері Мерейғалы Көшкіновтың жүлдесіне арналған республикалық ашық турнир жалауын желбіретті. Жарысқа еліміздің барлық аймағынан және Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттерінен 300-ге жуық 1997-1998 жылы туған балуандар қатысуда.

Дүбірлі доданың салтанатты ашылуына Маңғыстау облыстық маслихатының хатшысы Бекмұрат Жүсіпов, облыстық спорт басқармасының басшысы Бекболат Байжанов, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Тілек Көшмағанбетов, облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

-Бүгінгі бәсеке Қазақстан Республикасы самбо федерациясының бекітілген күнтізбелік жоспары бойынша Әлем чемпионатының алдындағы іріктеу жарысы болып есептеледі.

Кеше барлық салмақ бойынша жеребе тасталып, жарысқа қатысатын спортшылардың салмағы өлшенді. Таңертең сағат 10:00-де жарысымыз басталды.

Бұл жарыста облыс намысын 30 ұл мен 6 қыз қорғайды. Олардың қатарында аймақтың атынан халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүрген балуандарымыз да бар.

Жалпы, турнирді ұйымдастырудағы басты мақсат-самбошылардың шеберлігін шыңдау, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, татулықты нығайту.

Бұл жолы төрт салмақ дәрежесі бойынша алтын медаль аламыз деп жоспарлап қойдық. Балуандарымыз жақсы күресіп жатыр. Биыл кіші жасөспірімдер арасында өткен жарыста ҚР чемпионы атанған балуанымыз Дәурен Төлегенов қазір финалдық белдесуге жолдама алды,-дейді экстра-класс дәрежесіндегі төреші, облыстың самбодан аға бапкері Берік Жұмағалиев.

Жарыстың салтанатты ашылуынан кейін «Халықаралық достық» медалімен самбо күресінен Азия федерациясының төрешілер алқасының төрағасы Махмуди Абдуллаев, «Қазақстан Республикасында спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен жарыстың бас төрешісі Болат Қожахметов, «Маңғыстау облысында спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен кәсіби сынықшы Айнұр Асқарқызы, Маңғыстау ауданының «Жастар ресурстық орталығының» директоры Аллаберген Қонарбаев марапатталды.

Сондай-ақ «Елімізде самбо күресінің дамуына үлес қосқаны үшін» ордені бірнеше халықаралық жарыстардың жеңімпаздары Нұркен Домбаев, Сұңғат Жұбатқан, Рамазан Мамаев, Бауыржан Сағынғалиұлына табысталды.

-Бүгінгі жарысқа Тәжікстаннан екі спортшыны алып келдім. Қос спортшымыз самбодан Азия чемпионатының күміс және Әлем чемпионатның қола жүлдегерлері.

Әрине, жүлделі орындардан үміттіміз. Жалпы Ақтау қаласына өзім алғаш рет келіп тұрмын. Жарыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған деп айта аламын.

Соңғы кездері маңғыстаулық балуандар халықаралық жарыстарда жақсы өнер көрсетіп, жетістіктерге жетіп жүр. Жақында Ташкентте спорттық және жауынгерлік самбодан өткен Азия чемпионатында жерлестеріңіз жақсы нәтижие көрсетті. Сіздерде самбо күресі қарқынды дамып келе жатыр деп айтуға толық негіз бар,-дейді Тәжікстаннан келген қонақ, самбо күресінен Азия федерациясының төрешілер алқасының төрағасы Махмуди Абдуллаев.

Самбо күресінен ұйымдастырылған жарыс 24 шағынаудандағы облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өтуде. Жарысты тамашалау тегін.

 

 

 

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему