Маңғыстауда Нұрсұлтан Назарбаев есімді 14 адам бар
9 Июля 2017 (08:55) | 2200 | Автор: Мира Ботабекова
Тұңғыш Президенттің аты оқу орындары, саябақтар мен әуежай сияқты маңызды нысанға қойылған. Ал, баласының есімін Елбасымен байланыстырғандар тіпті көп. Ұлы тұлғаға ұқсасын, - деген ырыммен талай ата-ана Нұрсұлтан есімін балаларына қойып келеді. Маңғыстауда осы атты арқалаған жас көп. Бұл туралы "Қазақстан-Ақтау" хабарлайды.
Кішкентай Нұрсұлтан Назарбаев бізге тік тұрып, оң қолын жүрек тұсына қойып, гимнді шырқап берді. Әжесі мен атасының тұңғыш немересі 2010-шы жылы дүниеге келген. Үйдің үлкендері ақылдаса келе, ел дамуына тірек болсын деген ниетпен есімін Нұрсұлтан қойыпты. Бүгінде 7 жастағы жеткіншектің алға қойған арманы асқақ.
7 жасар Нұрсұлтан Назарбаев:
-Полиция болғым келеді, Президент сияқты ақылды болғым келеді. Боксшы, футболшы, солдат болғым келеді.
Мұнайлы ауданында да тағы бір Нұрсұлтан Назарбаев тұрады. Ол - жеке кәсіпкер, 24 жаста. Ол, осыдан 1 жыл бұрын жиһаз цехын ашқан. Қазір 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Осыдан 4 жыл бұрын отбасын құрып, бүгінде 1 қыздың әкесі атанды. Кейіпкеріміз өз есімінің кей жерде көмегін тигізетінін де жасырмады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Мұнайлы ауданының тұрғыны:
-Қызық кездер болды. Мектептерде болатын еді. Елбасы келе жатыр, Президент келе жатыр деп. Түскі астың кезінде қоңырау соғылмай ерте кіргізіп жіберетін еді. Маи қызметкерлері ұстаған кезде айып тұрағына жабайын деп жатқан кездерде О, Елбасының аттасы екенсің деп солай көмектескен жақсы кездер болған.
Екі кейіпкеріміз де мұнайлылық тұрғындар. Ал, облыста Нұрсұлтан Назарбаев есімі қойылған 14 адам бар.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему