Қант диабетін тегін емдейтін орталық
Курс валют в Актау
на 01/03/2021
 
414.62
418.3
 
504.33
509.23
 
5.51
5.68
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
1 Марта, 04:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қант диабетін тегін емдейтін орталық

8 Июля 2017 (09:26) | 2590 | Автор: Мира Ботабекова

Өткен аптада Ақтауда қант диабетін тегін емдейтін орталық ашылды. Мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасы аясында жүзеге асқан жобаның құны 25 млн теңге. Орталықта қант диабетімен ауыратын науқастарға медициналық кеңес беру мектебі мен бес емдеу кабинеті жұмыс істейді.

 

 

Маңғыстау өңірінде қант диабетін тегін емдейтін орталық алғаш рет ашылып отыр. Аталған орталықта науқастарға медициналық кеңес беру мектебі, бес емдеу кабинеті, мұнан бөлек, инновациялық технологиялар және табан сүйегі диабеті бөлімшесі және тәулік бойы жұмыс істейтін стационар орналасқан.

Нұрлан Тілепов, кардиолог-дәрігер:

-Орталық жұмысына қазіргі заманғы технологиялар енгізілген. Мәселен, қан құрамындағы қант мөлшерін тәулік бойы бақылау мүмкіндігіне қол жеткіздік. Үш күн ішінде науқасқа қажет дәрі-дәрмектер тегін тағайындалады. Жаңа ғасыр препараттары сырқаттың асқынған түрімен күресуде өз тиімділігін көрсетіп жатыр.

Таяу күндері мемлекеттік - жекеменшік әріптестік негізінде науқастың аяқ-қол тамырларын хирургиялық тәсілмен емдеу шаралары қолға алынады деп жоспарланып отыр. Жалпы алғанда, орталық эндокриндік сырқат түрлерімен ауыратын тұрғындар арасында мүгедектіктің алдын алу мен өлім-жітімді төмендету мақсатында ашылған. Дәрігерлердің айтуынша, Маңғыстау облысында аурудың осы түрімен ауыратын 8 мыңнан астам адам тіркеуде тұр. Олардың 400-ге жуығы қант диабетінің инсулинге тәуелді түріне шалдыққан. 

Клара Оралбаева, өңірлік денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

-Қазіргі жүргізетін методикамызда науқастарды тәулік бойында қадағалауға инновациялық әдістер, яғни науқастың ішіне аппарат қою арқылы бір күнге 288-ге дейін қанның құрамындағы глюкоза деңгейін анықтауға болады. Соған байланысты әрбір адамның өзінің қантын біле отырып, емге деген көзқарасын өзгерту бағытында жаңа бағытты сала деп айтуымызға болады.

Қант диабеті - асқазан асты безінің (ұйқы) бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.

            Қанда инсулин аз болғанда ұлпалар қантты сіңіре алмайды, сондықтан қант мөлшері өседі, яғни гипергликемия дамиды. Қалыпты жағдайда қандағы қант мөлшері ашқарынға- 3,5-5,5 ммоль/л. Қандағы қант мөлшерінің өсуі оның организмнен зәрмен шығуына себепкер болады-глюкозурия.

            Қант диабеті ерте заманнан белгілі болған: 18 ғасырда бұл науқастардың зәрінің тәтті болатындығы, 19 ғасырда бұл аурудың себебі-инсулин мөлшерінің азаюы екені дәлелденген, 20 ғасырда совет ғалымы  Коган-ясный қолдан инсулин дайындады. Инсулинді қолдан дайындағанға дейін ауру адамдар 3-5 жыл ғана өмір сүретін, ал қазіргі кезде 65 жылға дейін өмір сүреді.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, қант диабетімен ауыратындардың саны 20 миллионға жуық, олардың ішінде балалар мен жасөспірімдер 10%, яғни  миллионға жуық. Қант диабетінің кең таралуы бұл ауруды әлеументтік ауруға жатқызуға және қоғамдық шараларды өткізуді талап етеді: жаппай көпшілікті жоспарлы медициналық тексеруден өткізу және қант диабетіне бейімді континентті зерттеу, қант диабетімен аыратын адамдарды диспансерлік бақылауға алу, оларды инсулин препаратымен тегін қамтамасыз ету, осы науқастарға арнайы тамақ түрлерін шығару, санитарлық-ағарту жұмыстарын кеңінен жүргізу.

 Қант диабетінің себептері:

 Тұқым қуалаушылық – 65 пайызға дейін, балалардағы вирусты инфекциялардың асқынулары-қызылша, желшешек, тұмау, мысқыл т.б. Тамаққа қанттар мен майларды көп пайдалану, стресстік жағдайлар,

Клиникалық айқындалуы: 3 негізгі клиникалық симптоммен сипатталады:

Полидипсия-шөлдеу.

Полиурия-кіші дәретке жиі отыру.

Полифагия-кенеттен тәбеттің ашылуы.

Бала тамақты жақсы ішкенімен жүдейді.

Баланың терісі құрғақ, дуылдап қышиды.

Қан тамырларында ерте склероздық процесстер пайда болады:

А) Бас миының қан тамырларының склероздануынан  бала ұмытшақ, тез шаршағыш болады.

 Б) Көздің қан тамырларының склероздануынан алысттан көрушіліктің нашалуы дамиды.

 В) Бүйректе-созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дамиды.

 Г) Жүректе-жүрек соғу дыбысы нашар естіледі, шекарасы ұлғайады, шу пайда болады.

 Д) теріде-екі бетінің ұшы қызарады.

 Е) зат алмасуының бұзылуынан-бала организмінің төзімділігі нашарлайды, сондықтан бұл балаларда терінің іріңді аурулары, өкпе қабынуы, жұқпалы аурулар жиі кездеседі.

 Қант диабетінің балалардағы ерекшелігі:

 Ауру қатты екпінді басталады, балаларда аурудың жеңіл түрі кездеспейді, асқынуға бейімді.

            Бұл қауіпті асқынулар- гипергликемиялық және гипогликемиялық комалар. Бұл комалар жедел жәрдемді қажет етеді.Гипергликемиялық команың себептері:инсулин дозасының кем болуы, майлы және тәтті тамақты мөлшерден көп жеу.

Осы себептердің әсерінен зат алмасуының барлық түрі бұзылады, организмде шала толтыққан улы заттар жиналып уланады.

            Айқындалуы: Гипергликемиялық кома біртіндеп басталады, шөлдейді, зәрінің мөлшері көбейеді, баланың тәбеті төмендейді, ұйқышылдық пайда болады, терісі және шырышты қабаттары құрғап, аузынан ацетон иісі шығады, дем алысы шуылдаған, бала есінен айрылады.

            Жедел жәрдем: Көк тамырға 100-300 мл ас тұзының физиологиялық ерітіндісіне қосып 0,1 ед/кг салмағына есебімен үздіксіз етіп инсулин құю. Асқазанды 5% сода ерітіндісімен жуу. 4% сода ерітіндісімен тазалағыш клизма қою.

Рингер, ас тұзының физиологиялық ерітіндісін, 5% глюкоза ерітінділерін көк тамырға тамшылатып 2-3 литрге дейін құю (токсиндерді шығару мақсатында). Бұл ерітінділермен бірге кокарбоксилаза, вит С құйылады. Тамшылатып сұйықтықтар құйып жатқан кезде баланы грелкамен жылытып, минералды суларды, жемістер компоттарын 10 минут сайын 1-2 шай қасықтан беріп отыру керек.

3-4 сағаттан кейін бала жеңіл қорытылатын тамақтармен тамақтандырылады: айран, жеміс-жидек шырындары, пюрелер.

Баланың сөткелік зәрін және биохимиялық анализге көк тамырдан қанын қантқа тексеру.

Гипогликемиялық команың себептері: 1. Тамақпен организмге қанттардың кем түсуі. 2. Организмге инсулинді шамадан көп енгізу.

            Айқындалуы: Гипогликемиялық кома кенет басталады, аузынан ацетон иісі шықпайды, терісі боз, дымқыл, демалысы жиі үстірт, баланың денесі құрысып-тырысады, тез есінен танады.

 Жедел жәрдем: Егер бала есінде болса оған бірнеше кесек қант, бал, тәтті шай, кәмпит беріледі. Егер бала ессіз болса көк тамырына үздіксіз етіп 20-50 мл 40% глюкоза ерітіндісі құйылады. Терісінің астына 0,1-1,0 мл 10% кофейн ерітіндісі егіледі. Дымқылданған оттегі беріледі. Бала есін жиған соң тамақтандырылады. Қант диабетінің емделуі.

Емдеудің мақсаты-бұзылған зат алмасуын реттеу. Негізгі ем-диетотерапия және тиісті режимді сақтау. Балалардың тамағы құнды болып, майларсыз, оңай қорытылатын, қанттары аз болуы керек. Тамақты күніне 5-6 рет ішкен дұрыс. Ауру баланың рационында ет, жұмыртқа, балық, қаймақ, қанты аз көкөністер болуы керек (капуста, қияр, помидор, шалғам /редиска/, мүкжидек /клюква/, тәтті болгар бұрышы. Балалардың организмі өсіп келе жатқандықтан ақуыз мөлшері азайтылмайды. Кәмпит, қант, варенье, бал, торт мүлдем беруге болмайды. Біздің өнеркәсібіміз қант диабетімен ауыратындарға арнайы тамақтар шығарады: нан, шұжық, варенье, кәмпит, вафли құрамында қанттың орныны сорбит, ксилит қолданылған.

Қосымша ем-организмге жетіспейтін инсулинді сырттан енгізу, өйткені қант диабетімен ауыратын балаларда инсулин абсолютті жетіспейді. Инсулин-ірі қара мал, шошқа, киттердің асқазан асты безінен алынатын ақуыз табиғаттас белсенді зат. Инсулиннің тәуліктік дозасын аурудың тәуліктік зәрімен шығарылған қантына тәуелді.  

            Күтімі: Ауру баланың диетаны және тамақ режимін сақтауын қадағалау.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему