Облыстық сотының төрағасы кеудесіне медаль тақты
6 Июля 2017 (17:37) | 2500 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстау облыстық ішкі істер Департаменті бастығы, полиция полковнигі Қайрат Дәлбеков облыстық сот төрағасы Жақсылық Алановты «Қазақстан полициясына 25 жыл» медалімен марапаттады.
Департамент бастығы құттықтау сөзінде сот төрағасының Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті мен облыс соттары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға және ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі туралы айтып өтті.
Сондай-ақ кездесу барысында құқық қорғау органдары жұмысының барысында кездесетін азаматтардың құқығын бұзатын деректерді анықтау, қылмыстық істерді тергеуде кездесетін қиындықтарды жою, процессуалдық құжаттарды толтыруда мемлекеттік тілдің қолдану аясын арттыру секілді өзекті де күрмеуі қиын мәселелер талқыланды. «Әңгіме аясында Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының алдына қойған тапсырмаларын сапалы әрі толық орындау кезек күттірмес мәселе екендігі де айтылды»,-деп жазады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему