Астана күні жағалауда тойланды
Курс валют в Актау
на 29/05/2020
 
419.8
425.47
 
454.56
461.17
 
5.59
5.89
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Мая, 09:05
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Астана күні жағалауда тойланды

6 Июля 2017 (17:22) | 1182 | Автор: Мира Ботабекова

Еліміздің бас қаласы Астана күні барлық өңірлерде кеңінен аталып өтті. Ақтаулық белсенді жастар Елорда күнін Каспий жағасында тойлады. Жүзге жуық жас маман мен студенттер ұзындығы 17 метр, ал ені 6 метр болатын еліміздің алып көк байрағын теңіз жағалауына көтеріп шығып, флешмоб ұйымдастырды. Мемлекеттік туды айнала қоршаған жас буын «Астана» және «Елбасы» сөздерін бейнелеп, сапқа тұрды.

 

 

 

Маңғыстау облыстық жастар саясаты басқармасының ұйтқы болуымен ұйымдастырылған шараның бейнеролигі әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Мерекелік флешмобта жастар патриоттық әндерді шырқап, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

 

Ал, қала мектептері жанынан ашылған жазғы лагерь тәрбиеленушілері жағажай демалыс орнында бас қосты. Бес топқа бөлінген балалар қанатты сөздерді ұрандап, еліміздің бас шаһарына сүйіспеншілігін ырғақты биімен жеткізді. Теңіз жағасында демалушылардың ыстық ықыласына бөленген жеткіншектерді өңірлік Ассамблея мүшелері алғыс хаттармен марапаттады. Мереке соңы спорттық сайыстарға ұласты.  

 

 

Ақтоты Мұқаналы, жазғы лагерь тәрбиеленушісі:

-Біз теңіз жағасында Астана күнін тойлап жатырмыз. Біз осы жерде өз өнерімізді көрсетіп, флешмоб билеп жатырмыз. Астана - мен үшін қымбат қала, себебі, Астана -еліміздің ең әдемі қаласы. Біз - Қазақстанның жас патриоттары еліміздің дамуына үлес қосамыз!

 

 

Шұғыла Айтуарова, жазғы лагерь тәрбиеленушісі:

-Біз барлық ақтаулықтарды Астана күні мерекесімен құттықтаймыз. Бас қаламыз күннен-күнге көркейе берсін. Қазақстанның барлық тұрғыны бір-бірімен тату-тәтті өмір сүрсін. Алға Қазақстан! Жаса Қазақстан!

 

 

 

            Елорданың туған күніне арналған мерекелік шаралар өлкедегі барлық аудан орталықтарында өткізілді. Түрлі жарыстар ұйымдастырылып, жұртшылық концерт тамашалады. Ал, Ақтаудағы жағалауда елімізге белгілі әнші Тамара Асардың жеке концерті өтті. Қала тұрғындары тамаша ән тыңдап, мерекелік көңіл-күймен тарқасты.

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему