Биыл үш ауылға ауыз су жеткізіледі
Курс валют в Актау
на 25/02/2020
 
374.96
378.42
 
405.55
409.75
 
5.8
5.94
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
25 Февраля, 10:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Биыл үш ауылға ауыз су жеткізіледі

6 Июня 2017 (19:05) | 1286 | Автор: Мира Ботабекова

Шөлейтті Маңғыстау өңірінде ауыз су тапшылығы 2020 жылға дейін кезең-кезеңімен шешіледі. Қазір теңіз суын тұщытатын «Каспий» зауыты «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Келесі айда толық аяқталады. Кәсіпорын жаңарған соң қуаттылығы 3 есеге артып, Мұнайлы, Қарақия және Түпқараған аудандарының тұрғындары таза ауыз ішетін болады. Сонымен қатар Құрық портының маңынан теңіз суын тұщытатын тағы бір ірі зауыт салу көзделіп отыр. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылмақшы.

 

Атамекен ауылының тұрғыны Айнагүл Қонашева ауласына бақша өсіруді армандайды. Алайда ауылда су жоқ. Алыстағы ауылдардан тасып ішеді. Сондықтан да тіршілік нәрі бақша тұрмақ күнделікті қажеттілікке әзер жетеді. Ауыл халқы су иістеніп кетпес үшін мынадай құдық қазып, сонда сақтайды екен.

 

АЙНАГҮЛ ҚОНАШЕВА, МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

-Айына екі-үш реет су мекемесіне тапсырыс береміз, тапсырысты бір апта бұрын береміз. Ол кейде кешігіп, су бітіп қалатын кездер болады. Уақытысында келмейді. Жаз мезгілінде суға деген сұраныс көп болған соң су тасушылар тұрғындарға жеткізіп үлгермейді. Суды көкөніс егу тұрмақ күнделікті тамаққа, шәйға, кір жуу мен жуынуымыз бар әзер жеткіземіз.

 

Биыл 20 мыңдай халқы бар Атамекен сияқты тағы бірнеше ірі елді мекеннің тұрғындары су тасу машақатынан біржола құтылатын болды. «Каспий» су тұщыту зауытынан үш бірдей ауданға су құбыры тартылып, 80 мыңға жуық адам өз үйінен таза ауыз су ішеді.

 

Қазір «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Мұнайлы ауданындағы «Каспий» су тұщыту зауыты күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бұл жұмыстарға мемлекет қазынасынан 3 млд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Мұндағы жөндеу жұмыстары келесі айда толық аяқталады. Кәсіпорын толық жаңартылып жатыр. Теңіз суын сүзгіден өткізетін әлемдегі ең үздік қондырғылар орнатылды. Зауыт басшысының айтуынша, бұрынғы технология теңіз суы салқын болған жағдайда ауыз суды көп мөлшерде тұщыта алмайтын. Ал, қазіргі қондырғылар теңіз суының қысымын автоматы түрде реттеп отырады.

 

Зауыт толық жаңарған соң қуаттылығы үш есеге дейін артпақ. Осыған дейін кәсіпорын тәулігіне 10 мың текшее метр су тазартса, жөндеу жұмыстарынан соң тәулігіне 30 мың текше метр ауыз су дайындайтын мүмкіндікке ие болады. Зауытта тұщытылған тәтті су Мұнайлы, Қарақия және Түпқараған аудандарының кей ауылдарына жеткізіледі.

 

Маңғыстауда жерасты су көздері тапшы. Сондықтан да жергілікті билікҚұрық порты маңынан тағы бір теңіз суын тұщытатын зауыт салуды көздеп отыр. Қуаттылығы жоғары - тәулгіне 50 мың текше метр су тазартпақ. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асатын жобаға қазір байқау жарияланды. Қаржы көзі анықталған соң құрылысы басталады. Жаңа зауыт оншақты ауылды ауыз сумен қамтиды деген жоспар бар. Осы бағытта биыл Құрық кентінен Жетібай және Шетпе елді мекендеріне магистралды су құбырын тарту көзделіп отыр. Бұл жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үшін жергілікті бюджеттен 15 млн теңге бөлінді. Аталған су құбырын

 

жүргізудегі басты мақсат – Жаңаөзен қаласы мен Жетібай және Шетпе елді мекендеріндегі су тапшылығы мәселесін түбегейлі жою.

 

Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғынүй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сапар Аманбековтың айтуынша, бүгінгі таңда облыста 60 елді мекен болса соның тең жартысына ауыз су арнайы көліктермен тасымалданып отыр. Жергілікті биыл аймақты орталықтандырылған су жүйесімен қамтуды 65 пайызға жеткізуді қолға алды. Биыл Атамекен, Батыр және Жыңғылды ауылдарына су құбыры тартылып, осы ауылдың әрбір үйіне өмір нәрі жетеді.

 

Ал, Басқұдық ауылына құбыр тарту үшін республикалық қазынадан 2 млд 800 млн теңге қарастырылып отыр. «Аталған ауыл халқының өз үйінен су ішетін күні де алыс емес. 2019 жылы Басқұдщық ауылына толық құбыр тартылып бітеді деп отырмыз»,-дейді басқарма басшысы Сапар Аманбеков.

 

Халық көп қоныстанған ауылдардың бірі – Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе елді мекені. Мұнда 30 мыңнан астам халық тұрады. «Қызылтөбе ауылына дейін және ауылішілік су құбырын тарту үшін Үкіметке өтініш тастадық. Келесі жылдың республикалық бюджетін қарастырғанда біздің осы жобамызды қосу туралы өтініш айттық. Сұранысымыз мақұлданса, Қызылтөбе ауылы келер жылы ауыз суды тасып ішпейтін болады»,-деді Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғынүй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сапар Аманбеков.

 

Осылайша, 2020-жылы Маңғыстау облысындағы ауылдардың 90 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылады. Аймақтағы әрбір ауылға тіршілік нәрі жетсе егіншілікпен, бау-бақша өсірумен айналысуға да мол мүмкіндік туар еді. Бұл өз кезегінде кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему