Науқас балаларды құттықтады
1 Июня 2017 (17:55) | 2374 | Автор: Мира Ботабекова
Халықаралық балалар күні - әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам.
«Балаларды қорғау күні» мерекесінде облыстық соттың судьялары және Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Меңді Епенова «өз қамқорлықтарындағы» науқас балаларды мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар мен тәттілерді сыйға ұсынып, бүлдіршіндерге қуанышты көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара барысында М.Епенова «Бала – біздің болашағымыз, сол себепті біз балаларымыздың қалыпты өмір сүруі үшін, олардың құқықтары сенімді қорғалуы үшін қажетті жағдайдың бәрін жасауға міндеттіміз. Балдырғандарымыздың риясыз күлкісіне бөлене берейік», - деп, оларға зор денсаулық тіледі.
Маңғыстау облыстық сотынан бастау алған игі шара аудандық және оған теңестірілген соттардың барлығында жалғасын тапты.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему