Шетелдіктер теңіз суын тұщыту зауытының жобасын ұсынды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 19:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Шетелдіктер теңіз суын тұщыту зауытының жобасын ұсынды

17 Мая 2017 (10:19) | 1780 | Автор: Мира Ботабекова

 

Облыста су тұщыту және электр қуатын үнемдеу бойынша бірегей жобалар жүзеге асырылмақ. Көліктік-логистикалық және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салалары да қарқынды дамиды. Ақтауда өткен арнайы жиында халықаралық қаржы институттарының өкілдері осы мәселелерге мүдделілік танытты. Жиынға халықаралық банктер мен инвестор компаниялардың өкілдері қатысты. Бұл туралы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы хабарлайды.

 

Өңірдегі өзекті мәселенің бірі - ауыз су. Халықтың өсімі мен облыстың даму қарқынын ескерсек, 2020 жылға дейін қажеттілік тәулігіне 70 мың текше метрге жетеді деген есеп бар. Қазір сумен қамтып отырған жалғыз комбинаттың қуаты жетпей, тапшылық туындауы мүмкін. Сондықтан, шетелдік инвесторлар ұсынып отырған теңіз суын тұщыту жобасы аса маңызды.

 

Ералы Тоғжанов - Маңғыстау облысының әкімі:

-Ең алдымен, Құрық портына қатысты. Онда тәулігіне 45 мың текше  метрге дейін су тұщытуды жоспарлап отырмыз. Кендірлі бойынша қосымша 45 мың текше метр жоспар бар. Сондай-ақ, Ақтауда биыл 30 мың текше метрлік көлемді көздеп отырмыз. Келесі жылы оны 40-қа жеткізу жоспарланды. Бұл күрделі жобалар арқылы өзге салаларды, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға мол мүмкіндіктер туады деген ойдамыз.

 

Су ғана емес, қажеттілік электр қуатына да күн сайын артып отыр. Энергияны үнемдеу бағытында арнайы жобалар қолға алынған. Су, жылу және жарықпен қамтуда тиімділікті арттыру үшін. Бірқатар мектептер мен тұрғын үйлерде лайықты технологиялар орнатылғаны арқасында 30-40 пайыз үнемдеуге қол жеткізілді. Осылайша, тұтынушы қаржысын есеппен жұмсады, қоршаған ортаға да пайдасын тигізді.

 

Александр Белый - ҚР БҰҰДБ энергиялық тиімділік бойынша жобалардың үйлестірушісі:

-Бұл жобалардың пайдалылығы айқын. Бір жағынан, коммуналдық қызметтер төлемақысы азаяды, екінші жағынан облыстағы энегетикалық кешенге келтірер пайдасы зор. Өйткені, су мен электер қуатына деген тапшылықты болдырмауға септігін тигізеді. Ресурстар көпшілікке жеткілікті болмақ. Тек, тұрақты қаржыландыру қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл мақсатқа біз қазір өзіндік құнын ақтап алу мерзімін 3-4 жылға дейін төмендетуге жағдай жасау арқылы шағын және орта бизнесті тартуды көздеп отырмыз.

 

Ал, облыста шағын және орта бизнеспен айналысатын 30 мыңнан астам кәсіпкер бар. Бұл көрсеткіш әлі де еселене түсуі мүмкін. Себебі, өңірге келген инвесторлар осы бағытта қолдау көрсететіндіктерін айтады.

 

Мұхтар Манкеев - «ФИН БИЗНЕС ХАБ» компаниясының директоры:

-Біздер мына шағын және орта бизнеспен бірігіп қандай жобаларды бірігіп жүзеге асыруды қарап жүрміз. Біздің мандатымыз 5 млн-ға дейінгі жобалар. Финдік технологияларды алып келіп, облысқа арналған тауарларды шығаруға дайынбыз.

 

Бахтиер Файзиев - ЕҚДБ инфрақұрылым департаментінің жетекші банкирі:

-Бізді инфрақұрылым жобаларының барлығы қызықтырады. Біздің банк Ақтауда су тұшыту бағытын қаржыландыруда. Жуырда "Каспий су жылу арнасы" мекемесімен байланысты арттырамыз деген үміттемін. Қазіргі таңда келіссөздер жүргізілуде. Егер басқа да жобалар болса, оларға да көңіл бөліп қаржыландыруға тырысамыз.

 

Аймақты дамытудың басым бағыттының бірі - көліктік-логистикалық сала. Халықаралық қаржы институттары бұл ретте де мүдделілік танытып отыр. 

 

Ато Браун - Қазақстандағы ДБ тұрақты өкілі:

-Дүниежүзілік банк жолға қатысты жобаларға 3 млрд. теңгеге дейін қолдау көрсетеді. Егер нақты келісімдер орнатылса, біз жұмыс істеуге дайынбыз.

 

Бүгінгідей құрамдағы кездесу облыста алғаш рет ұйымдастырылды. Бастама нәтижелі болатын түрі бар. Шетелдіктер инвестиция құюға дайындықтарын жарыса айтты деуге болады. Ендігі мәселе келіссөздер үлесінде.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему