Қаруды қолдану дағдыларын жетілдірді
28 Апреля 2017 (18:17) | 2544 | Автор: Нурганым Имашева
Жуырда Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖ Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментіне қарасты барлық мекемелердің жеке құрамының қаруды қолдану кезіндегі тәжірибелік дағдыларын пысықтауға арналған атыс жаттығуы ұйымдастырылды.
ҚАЖ Департаментіне бағынысты мекемелердің жеке құрамының кәсіби даярлығы сыналатын оқу-жаттығуына Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Маханбетов Ғалымжан Тасжанұлы тікелей басшылық етіп, қадағалау жүргізді.
ГМ-172/10 мекемесінің қызметкерлерінің жаттығу барысында қаруды дұрыс қолданып, қауіпсіздік шараларын сақтауына мекеменің кадр жұмысы бөлімінің кәсіби даярлық бойынша аға инспекторы әділет лейтенанты Абай Исламов жетекшілік етті.
Қаруды тұрып, тізерлеп, жатып ату әдістері бойынша жеке құрам сарбаздарының тәжірибелік дағдыларын пысықтау кезінде 5,45 мм «Калашников» автоматынан №1 және №2 атыс жаттығулары, сонымен қатар 9 мм «Макаров» тапаншасынан оқ атудың №2 және №3 атыс жаттығулары орындалды.
ҚАЖ Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментіне бағынысты түзету мекемелерінің жеке құрамы қатысқан оқ ату жаттығуы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы 56/66 әскери бөлімінің полигонында өтті.
-ГМ-172/10 мекемесінің жеке құрамы жаттығу барысында аталған қаруларды қолданудан жақсы нәтиже көрсетті. Сарбаздардың психологиялық дайындығы жоғары екендігі және қару-жарақты қолданудың тиісті әдіс-тәсілдерін жетік меңгергендері байқалды, - дейді тергеу изоляторы қызметкерлерінің атыс жаттығуына жетекшілік еткен мекеменің кадр жұмысы бөлімінің кәсіби даярлық бойынша аға инспекторы әділет лейтенанты Абай Исламов.
Бұл туралы біздің басылымға ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментіне қарасты ГМ-172/10 мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему