Маңғыстаулық спортшылар джиу-джитсу бойынша 4 жүлделі орынды жеңіп алды
17 Апреля 2017 (16:31) | 2947 | Автор: Нурганым Имашева
Алматы қаласында 15 сәуір күні шығыс жекпе жегі - Джиу джитсудан IV республикалық ашық турнир өз мәресіне жетті.
Қазақстандағы джиу-джитсудың негізін қалаушы Сүйіндіков Рүстем Мәлікұлын еске алуға арналған, дәстүрлі түрде өтетін бұл жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен ең мықты деген спортшылар қатысып, күш сынасты.
Маңғыстау облысының намысын қорғауға аттанған 6 спортшымыздың барлығы да – Шоқыр Бөлтекұлы атындағы жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері биіктен көріне білді. Жарыста 6 спортшының төртеуі жүлделі орынға ие болды.
Атап кетсек, «Неваза жүйесі» бөлімі бойынша 77 келі салмақ дәрежесінде Есболов Нұрлан 1 орынды, 69 келі салмақта Закарин Жанболат 1 орынды және 56 келі салмақ дәрежесінде Қонысов Қуандық 1 орынды жеңіп алды. Ал 62 келі салмақта маңғыстаулық Жәнібек Әбубәкір 3 орынды қанағат тұтып, марапатқа ие болды.
Жаттықтырушы Болат Дюсенбиевтің айтуынша, спортшыларымыздың барлығы да мықты дайындықтарын көрсете білді.
-Джиу-джитсу бойынша аймағымыздың абыройын асқақтатқан жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! – дейді осы қуанышты жаңалықпен бөліскен Ш.Бөлтекұлы атындағы жоғары спорт шеберлігі мектебінің баспасөз қызметі.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему