Аймақ басшысы Түпқараған ауданының активімен кездесті
Курс валют в Актау
на 21/09/2020
 
419.35
423.74
 
497.07
502.41
 
5.49
5.73
Номер редакции: +7 707 040 14 80
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
21 Сентября, 06:51
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аймақ басшысы Түпқараған ауданының активімен кездесті

13 Апреля 2017 (17:24) | 1126 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Түпқараған ауданының активімен кездесті.

Түпқараған ауданының әкімі Темірбек Асауов жиын қатысушыларына ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндады.

Өткен жылы аудандағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өндірілуі 1515,6 млн.теңгені құрады, ол 2015 жылмен салыстырғанда 10,5%-ға артық. 2017 жылдың басынан бастап 169,9 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, физикалық көлемнің индексі 113,7%-ды құрады. Ауданда 4 ірі шаруа қожалығы қызмет етеді. Олар «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС, «Жайлау» және «Қарағантүбек» ЖШС, түйе мен биенің сүтінен шұбат пен қымыз дайындап шығаратын «Байболат» ЖШС цехы. Ауданда жалпы аумағы 1,2 гектарды құрайтын 3 жылыжай бар. Ағымдағы жылы Ақшұқыр ауылынан аумағы 1,5 гектар болатын жаңа жылыжайдың құрылысы аяқталады.

- Өткен жылы «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуымен аудан бойынша 3063 жұмыс орындары ашылды. Тұрғындар әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы есебінен жұмысқа орналастырылды. 1170 адам тұрақты жұмыс орындарына бағытталды. Осы жылдың екі айы ішінде 111 жаңа жұмыс орындары ашылды. 2017 жылы 3900 жұмыс орындарын ашу көзделуде, - деп хабарлады Түпқараған ауданының әкімі Темірбек Асауов.

- Мұнай бағасының тұрақсыздығы аудандағы өнеркәсіптік өндірістің көрсеткішіне әсер етеді. Жергілікті атқарушы орган ретінде, сізде, макро көрсеткіштердің тұрақтылығын сақтау бойынша қосымша шаралардың жоспары болуы қажет. Облыс әкімінің орынбасары Шолпан Илмұханбетоваға келесі тоқсанның ортасына дейін қосымша өндірістік кәсіпорындарды жүктеу бойынша нақты шаралардың жоспарын жасақтауды тапсырамын. Сонымен бірге, Түпқараған ауданында жұмыс істейтін компания қызметтерінің анализі қажет, - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Аудан халқымен кездесу барысында Ақшұқыр мен Сайын Шапағатов ауылдарының тұрғындарынан футбол алаңдарының жөндеу жұмыстарына қатысты хат келіп түсті. Айта кетейік, Сайын Шапағатов елді мекеніндегі екі стадионда жарық жоқ. Аймақ басшысы футбол алаңдарын қалыпқа келтіріп, халықтың пайдалануына берілуін тапсырды.

- Ақшұқыр ауылында жұмыс жасамайтын 8 тұщы су ұңғымасы бар. Соларға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, іске қоссаңыздар, ағаштарды суаруға жеткілікті болар еді. Елді мекенді көгалдандыру қажет. Ауылдағы халық саны артып келеді, сіздер, әкім ретінде, нысандардың құрылыстарының жобалық-сметалық құжаттамаларын бір жыл бұрын болжамдап, дайындауларыңыз керек. Маған Түпқараған ауданына қарасты барлық ауыл әкімдерінің жұмысын ұсынуыңызды тапсырамын. Ақшұқыр мен Сайын Шапағатов ауылдарының әкіміне қатысты халықтан көп арыз түседі. Демек, жұмыс жасау тәсілін өзгерту қажет, - деді Ералы Тоғжанов.

Кездесу барысында Маңғыстау облысының әкімі облыстық үздік қала, аудан, ауыл және мектеп конкурсының жеңімпаздарына сыйлық ретінде 10 миллион теңге берілетінін айтты. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему