Аймаққа Иран Ислам Республикасының делегациясы келді
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 01:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аймаққа Иран Ислам Республикасының делегациясы келді

12 Апреля 2017 (17:29) | 1797 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Аймақ басшысы Ералы Тоғжанов Иранның әскери-теңіз күшінен құралған делегацияны бастап келген Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моджтаба Дамирчилумен кездесті.

Иран елінің әскери-теңіз күштерінің Каспий флоты Маңғыстау облысына алғаш рет келіп отыр. Үш күннің ішінде екі елдің әскери қызметкерлері тәжірибе алмасып, осылайша әскери-теңіз күштері арасындағы ынтымақтастық нығая түсетін болады.

- Біз бүгін тарихи оқиғаның куәгерлері болып тұрмыз. Иранның әскери-теңіз күштерінің кемесі алғаш рет Маңғыстау облысына келді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Иран елімен екіжақты қарым-қатынасты бекітуге ерекше назар аударады. Ал, Маңғыстау облысының осы саланы дамытуда атқаратын рөлі зор. Бүгінгі таңда Маңғыстау облысы мен Иран елі арасындағы 2017 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы тауар айналымы 2,5 млн. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт 564 мың АҚШ долларын, ал импорт 2 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Біз, өз кезегінде, туризм, мұнай сервис, көлік логистикасы тәрізді салалардағы ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтып, кеңіте беретін боламыз, - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

- Иран елінің әскери-теңіз кемесінің Маңғыстау портына келуі екі ел арасындағы ерекше сенімді көрсетеді. Біз Иран елінің аймақтары мен Маңғыстау облысын одан әрі дамыту үшін ынтымақтастығымыздың барлық әлеуетін пайдалануға дайынбыз. Экономикалық және мәдени салалардағы байланыстарымыз орнатылған, енді Каспий теңізіндегі әскери қауіпсіздігімізді дамытатын боламыз, - деді Иран елінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моджтаба Дамирчилу. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему