Алаяқ әйел сотталды
29 Марта 2017 (17:10) | 3308 | Автор: Мира Ботабекова
Алдап-арбаумен қылмыстық әрекетке барып, дәулетті тұрмысқа кенелу тек ақылы толық деңгейде қалыптаса қоймаған жастардың ғана емес, салиқалы жастағы әйелдің тарапынан жасалғаны қынжылтарлық-ақ.
Сотталушы Б. танысы Г-нің құжаттарын заңдастырып беруге 50 000 теңге ақша берсе көмектесе алатынын айтып, әбден сеніміне кіріп, тағы да қосымша 30 000 теңгесін қосып алдап алып кеткен.
Әрі қарай қылмыстық әрекетін жалғастыра отырып, тағы бір танысы А-ның ұлын жалақысы жоғары жұмысқа орналастыра алатындығын сендіре айтып, алаяқтық жолмен оңай пайда табу мақсатында 5000 АҚШ долларын алдап алған.
Сонымен, сотталушы Б. қасақана, пайдақорлық ниетпен, бөтен мүлікті бірнеше рет, ірі мөлшерде құқықтық алдау және сенімге қиянат жасау арқылы жәбірленушілерге материалдық шығын келтірген.
Нәтижесіз, жауапсыз кеткен қаржының иелері тыныштығынан айырылып, Б-ның күман туғызатын әрекеттеріне шара қолдану үшін ішкі істер басқармасына арыздануға мәжбүр болады.
Жас адам албырттықпен, ақымақтықпен ұрынса, өмірлік тәжірибесі бар салуалы әйелдің шімірікпестен қылмыстық әрекетке баруын қалай бағалауға болады. Өмірге ұрпақ әкеліп, немере сүйіп, бесік жырын сүйсіне айтып, ертегі оқып, ақ жаулықты абзал әже атанар шағын темір көзді тордың артында, суық мелшиген тас қабырғаларда еркіндікті сағына, асыға күн санау күтіп тұрды.
Ақтау қалалық сотының үкімімен азаматша Б. алаяқтық әрекеті үшін кінәлі деп танылып, оның салиқалы жастағы әйел екендігі ескеріліп, оған аталған бап бойынша көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза, ҚК-нің 55 бабы қолданылып 2 (екі) жылға бас бостандығынан айырылды.
Осы қылмыстың ақыр аяғы неге апарып соғарын, қаншалықты зардабы барлығын, қылмыскер атағының ұрпағынан ұрпағына кетерлігін, сүйегіне түсетін ар таңбасының қаншалықты ауырлығын бағамдап жататын ақылдан ада жас қой деп ақтап аларлық та емес, қолында ешқандай құзіреті жоқ бола тұра қылмыстық әрекетке белсенді түрде кірісуі оның заты нәзік әйел табиғатынан екендігі және ақыл тоқтатқан орта жастан асқандығы ақылға сыйымсыз.
Бостандықта өткізген әрбір сәтін армандайтын күндер алаяқтықтың ақыры неге соғатынын мәңгілікке мықтап есіне салып тұратын болар.
Ақтау қалалық
сотының судьясы
Гүлмаржан ӘДІЛСҰЛТАНИ
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему