Қылмыс пен жаза
27 Февраля 2017 (12:51) | 2034 | Автор: Нурганым Имашева
Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Шыңғыс Балтабаевтың мәлімдеуінше, «Мемлекетіміздің Заңдары, оның барлық азаматтарына ортақ. Оның мүлтіксіз орындалуы барлығымызға міндетті және азаматтық борышымыз.
Қылмыстың қай-қай түрінің де астары терең, оның ішінде зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық істер елімізде аз емес.
Өркениеттілікке бағытталған ұлтымыздың мүддесі үшін, жалпы қоғамымызға қауіпті құбылыс екендігі о бастан белгілі.
Жуырда азамат «М» Ақтау қаласында жәбірленуші «С»-ны зорлау ниетімен өзінің пәтеріне алдау жолымен шақырып алған. Азамат «М» өзінің ойлаған іс-әрекетін соңына дейін жеткізу мақсатында, жәбірленуші «С»-ны еркінен тыс зорлаған».
-Аталған оқиға бойынша, азамат «М» қамауға алынып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Ақтау қалалық сотының 24.02.2016 жылғы үкімімен, ҚР-сы ҚК-нің 120 бабының 1 бөлімінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық әрекеті үшін кінәлі деп танылып, осы бап бойынша оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге белгіленді, - дейді бөлім прокуроры Шыңғыс Балтабаев .
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему