Алаяқ жазаланды
25 Февраля 2017 (14:57) | 1693 | Автор: Нурганым Имашева
Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Шыңғыс Балтабаевтың мәлімдеуінше, обыс орталығының «Гүлайым» есімді тұрғыны бірнеше азаматтарды төмен бағамен пәтер алып беремін және жұмысқа орналастырамын деп, ақшаларын алаяқтық жасап жымқырып кеткен.
Яғни, 2015 жылдың мамыр-маусым айларында азаматша «Гүлайым» қасақана, пайдақорлық ниетпен, бөтеннің мүлкін алаяқтық арқылы бірнеше рет жымқыру мақсатында, Ақтау қаласының 2 тұрғынына төмен бағамен пәтер алып беремін және жұмысқа орналастырамын деп, жалған айтып, әрқайсысынан 2 млн. теңге ақшаларын алдап алып, уәдесін орындамай, бой тасалап кеткен.
-Ақтау қалалық сотының 06.10.2016 жылғы үкімімен сотталушы «Гүлайым» ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағымен (ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық) кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.
Жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге белгіленді.
Айыптау үкімі заңды күшіне енді,- дейді Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Шыңғыс Балтабаев.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему