Ақтаудағы құбыр шығаратын зауыт ішкі нарықты қамтуға дайын
8 Февраля 2017 (13:52) | 1687 | Автор: Мира Ботабекова
Ақтаудағы құбыр шығаратын зауыт ішкі нарықты қамтуға дайын.Жылына 45 мың тонна құбыр өндіретін кәсіпорын «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Бұлтуралы «Хабар24» арнасы хабарлады.
Жоба құны 40 млн АҚШ долларына тең. Көктемде қазақстандық тауардың алғашқы легі өңірлерге жеткізіледі. «Қазақстан Пайп Трейдерс» серіктестігінің бұл өнімдері отандық мұнай-газ саласында жоғары сұранысқа ие. Сапалы материалдан жасалған құбырлар жоғары қысымға төзімді келеді.
Осы зауыт ұжымымен кездескен сенаторлар премиум сыныптағы тауар әзірлейтін заманауи технологиялармен танысты. Айта кеткен жөн, кәсіпорын өнімінің 90%-ы ішкі сұранысты қамтиды. Қалғаны шетелге экспортталады.
Бақтыбай Шелпеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Мынау үлкен бастама. Біз жаңа аралап көрдік. Бұл жердегі мамандардың барлығы шетелде оқыған. Қолданып жатқан технологияларының барлығы біздің Президентіміздің тапсырмасы бойынша алдымызға қойылып отырған инновациялық технологиялар. Бұлар кез-келген жерде кездеспейтін техникалар.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему