Ақтауда медицина қызметкерлерінің қалалық спартакиадасы өтті
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 02:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда медицина қызметкерлерінің қалалық спартакиадасы өтті

19 Мая 2014 (04:24) | 4610 | Автор: Редакция

 

Сенбі күні «Мұнайшы» спорт кешенінде медицина қызметкерлері арасында қалалық спартакиада ұйымдастырылды. Спорттық сайыстар 17-18 мамыр күндері волейболдан (әйелдер және ерлер арасында), футзалдан (ерлер арасында) 2 күн бойы өтті.

 

Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының директоры Амангүл Әбдіғалиқызы Джайылханованың мәлімдеуінше: «Он жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан медициналық қызметкерлердің қалалық спартакиадасы маусым айының екінші жексенбісінде атап өтілетін дәрігерлердің төл мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр. Жылда қалалық және облыстық сайыстар бір күні өтетін болса, биыл қатысушы командалардың саны көбірек болғандықтан, алдымен қалалық спартакиада өткізіліп отыр. Былтырғы жылы жарысқа 12 команда қатысса, биыл 28 команда қатысуда.

 

Ақтау қаласында 21 емдеу-сауықтыру мекемесі бар болса, солардан 28 топ сайыстарға қатысып отыр. Солардың арасында 14 топ-әйелдерден құралған волейбол командасы болса, 4-топ ерлер командасы. Ал 10 топ-ерлерден құралған мини-футбол командасы.

 

 

Бәрімізге белгілі, ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылғандай, медицина қызметкерлерінің белсене спортпен шұғылдануы жылдан-жылға арта түсуде. Бұл қуантарлық жағдай, әрине.

 

Сайысоблыстық деңгейде маусым айының 6-7жұлдызында өтеді және жарыс жеңімпаздары 13 маусымда болатын медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиында марапатталатын болады. Биылғы жылғы І орынға берілетін сыйақының көлемі де өсті. Ол-100 000 теңге көлемінде. Барлық қатысушылар да сыйлықсыз қалмайды».

 

Екі күнге созылған спартакиаданың нәтижесі де белгілі болды. Жарыстардың қорытындысы бойынша, әйелдер арасындағы волейболдан №1 Ақтау қалалық емханасының командасы барлық топтарды жеңіп, оза шапты, нәтижесінде жүлделі І орынға көтерілді. Ал ІІ орынға-стоматологиялық орталықтың қыздары лайық деп танылса, Маңғыстау облыстық ауруханасының командасы ІІІ орынды місе тұтты.

 

Ерлер арасындағы волейболдан І жүлделі орынды облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің дәрігерлері иеленді.

 

 

Футзалдан өткен жарыстың жеңімпаздары болып Ақтау қалалық жедел жәрдем станциясының тобы танылды.

 

Барлық жеңімпаздарды жарыстағы жүлделерімен құттықтаймыз, әрбір қадамдарыңыз жеңісті, әрбір күндеріңіз жемісті болсын деген ізгі тілегімізді жолдаймыз, құрметті ақ желеңді абзал жандар!

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему