ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Маңғыстауға келді
Курс валют в Актау
на 29/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Ноября, 21:04
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Маңғыстауға келді

27 Января 2017 (11:28) | 2059 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстау облысына қызметтік сапары барысында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бисенқұлов аймақтағы  полицияның жедел-қызметінің қорытындысы және  келешектегі басым міндеттеры туралы Жедел кеңес өткізді.

Жиналыста алдымен Маңғыстау облысы ІІД бастығы полиция полковнигі  Қайрат Дәлбеков  облыс бойынша шұғыл ахуалды қысқаша айтып өтті. Баяндамада  көрсетілгендей,  Маңғыстау облысында қабылданған профилактикалық шаралардың нәтижесінде жылдың қорытындысымен қылмыстың барлық түрлері бойынша  тіркелуінің азаюы байқалды, оның ішінде  аса-ауыр - 2,0%-ға, ауыр – 0,6%-ға, орташа ауыр -1,9%-ға,онша ауыр емес -16,7%-ға, сонымен қатар, қарақшылық – 34,6 %-ға, тонау – 20,3%-ға, бопсалаушылық – 14,1%-ға, айдап әкету - 43,8 %-ға және бұзақылық – 33,0%-ға.

Сонымен бірге  аймақтағы жалпы қылмыстылық деңгейі Республика бойынша ең төменгі болып қалады, 103 қылмыс 10 мың тұрғынға (орта республикалық көрсеткіште - 194) келеді. Есірткі құқық бұзушылықтарын анықтаудың 65 фактіге (172-ден 237-ге дейін) дейін жақсарғанындығы, алынған есірткі құралының жалпы санының 7,5 есеге артқандығы байқалды.

Қ.Дәлбеков аймақтағы криминогендік ахуалдың тұрақтылығына  полиция қызметінің материалды- техникалық базасын күшейту де ықпал ететіндігін атап өтті. Бір жыл ішінде арнайы  автокөліктің 45  бірлігі, 217 портативті және 40 автомобильді бейнебақылау алынды.

Облыс бойынша 172 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, олардың көмегімен 210 қылмыс ашылып, 30 мың 271 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Ағымдағы жылы облыс әкімдігінің  қолдауымен Ақтау қаласының 22 шағын ауданында тағы да 500 бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда.

            Жиналыста ІІД бастығының орынбасарлары, аумақтық бөліністер басшыларының да баяндамалары  тыңдалды.

Министрдің орынбасары Департаменттің жеке құрамына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  ІІМ-гі іске асырылуы тиіс шаралары туралы тапсырмасын атап өтіп, өткен және ағымдағы жылда қабылданған жаңа заң нормаларына толығырақ тоқталды. 

Полиция қызметіндегі негізгі бағыт - азаматтарды қылмыстық әрекеттерден сенімді түрде қорғау және құқықтық тәртіпті жоғары деңгейге көтеру,- деп атап көрсетті Б.Бисенқұлов.

Маңғыстаулық полиция қызметінің нәтижесін оң бағалаған министрдің орынбасары  аймақтағы ұрлыққа қарсы іс-қимыл, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті жандандыру, қоғамдық орындар мен көшелердегі тәртіпті күшейту қажеттігіне баса назар аударды.

Жиналыста Б.Бисенқұлов облыстың ІІД басшылығы мен оның аумақтық бөліністеріне ішкі істер органдарының қызметінің барлық бағыты бойынша нақты міндеттер, соның ішінде қоғамдық тәртіпті қорғау, қылмыс пен құқық бұзушылықтарды ашу және тергеу, оның алдын алу, жеке құрамның тәртібін күшейту шаралары бойынша тапсырмалар берді.

Сондай-ақ Б.Бисенқұлов рақымшылыққа байланысты жазасын өтеуден босатылғандарды оқыту мен жұмысқа орналастыру мәселелеріне аса назар аударуды атап көрсетті. Бұл туралы Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему