Көп қабатты үй өртеніп жатыр
20 Января 2017 (10:58) | 2132 |
Автор: Мира Ботабекова
Ақтауда 1-ші шағын аудандағы көп қабатты үйден өрт шықты. Дәл қазір №4 тұрғынүйдің 9-шы қабатындағы екі бөлмелі пәтер өртеніп жатыр. Қызыл жалын шамамен жарты сағат бұрын басталды. Түтіннің қоюлығы соншалық өрт сөндірушілердің ішке терезе арқылы енуіне біраз уақыт кедергі жасады. Әзірге пәтер ішінде адамның бар-жоғы белгісіз.
Тілсіз жауды ауыздықтау үшін Ақтау қалалық өрт сөндіру қызметінің 6 техникасы, биікке мінетін арнайы сатысы мен ондаған қызметкері жұмылдырылып жатыр. Өрттің шығу себебі алдағы уақытта анықталатын болады.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему