Ауруханада ойын бөлмесі ашылды
5 Января 2017 (15:38) | 3031 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстау облыстық ауруханасының кардиология бөлімінде балаларға арналған ойын-сауық бөлмесі ашылды. Ол кəдімгі балалар бөлмесі сияқты жабдықталған. Бұл туралы «Хабар» арнасы жазады.
Жас емделушілер операция алдында жəне одан кейін осында уақыт өткізеді. Дамытуға септігі тиетін ойыншықтар, бояу құралдары балаларға ауруынан айығуына көмектеседі. Сондай-ақ мультфильм көріп, кітап оқуға да жағдай бар.
Аталған кардиологиялық орталығында балаларға үш жылдан бері операция жасалып келеді. Осы аралықта екі жүзге тарта балаға жаңа өмір сыйланды. Бұл орталықтағы ем алушылардың үштен бір бөлігін құрайды.
Гүлжанат Сақтағанова, қала тұрғыны:
- Облыстық кардиохирургиядан келіп түскенімізге бүгін 9 күн болды. Балам 6 айлық, операция жасалды. Қазір баламның жағдайы жақсы. 9 күн операцияны күткенше бізге осындай балалар ойнайтын әдемі бөлме ашылғандығын айтып, осында әкелді.
Əсел Серяковская, балалар кардиологы:
- Мұндай балаларға арналған ойын бөлмелері əлемде бар. Бұл пациенттер игілігі үшін жасалған. Ол ем алушының тез сауығуына жағдай жасайды. Бөлмеде ойын құралдары ғана емес, дамуға арналған да құралдар қойылған. Балаға толыққанды мүмкіндіктер қарастырылған.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему