Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы марапатталды
14 Декабря 2016 (09:28) | 2536 | Автор: Нурганым Имашева
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай, жуырда Ақтау қаласы «Хан Шахар» салтанат сарайында облыстық ішкі саясат басқармасы және «Маңғыстау облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастырумен салтанатты жиын өтті.
Шараға өңірдегі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Бүгінгі таңда сот саласының дамуында халық пен мемлекетті тікелей байланыстырушы дәнекер саналатын үкіметтік емес ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатудың маңызы зор. Оған дәлел, соттардағы әрбір шараның үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен жүргізілуі.
Салтанатты кеш барысында «Маңғыстау облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Жібек Ахметова облысымыздағы үкіметтік емес ұйымдармен жыл бойына қоян-қолтық бірлесіп атқарған табысты жұмыстары үшін Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Меңді Әнесқызы Епеноваға Алғыс хат табыстады.
Сонымен қатар, шарада облыс көлемінде түрліше әлеуметтік жобаларды жемісті жүзеге асырған көшбасшы үкіметтік емес ұйымдар марапатталып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму жетістіктерін телеарна және баспасөз беттерінде насихаттап жүрген БАҚ өкілдері арнайы марапаттарға ие болды.
Аталған кеш Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, былғары қолғап шебері Әділбек Ниязымбетовтың құрметіне «Адока» атауын иеленген спорттық киім үлгісінің көрсетілімімен жалғасты.
Бұл ақпаратты біздің басылым редакциясына Маңғыстау облыстық сотының бас маманы Асхат Құлтанов жолдады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему