Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің өрт-құтқару спорты бойынша командасы Республикалық Чемпионатқа дайындалуда
Курс валют в Актау
на 15/05/2021
 
426.87
430.68
 
515.89
520.97
 
5.71
5.86
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
15 Мая, 19:02
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің өрт-құтқару спорты бойынша командасы Республикалық Чемпионатқа дайындалуда

12 Декабря 2016 (16:19) | 1222 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Бекенұлы Базарбаев өрт-құтқару спорты бойынша Маңғыстау облысы ТЖД-нің спортшыларынан жинақталған командасымен кездесті.

Топ құрамында Жаңаөзен қаласынан, Бейнеу селосынаң, Құрық кентінен және облыс орталығынан жиналған жас мамандар бар. Құрама команда ағымдағы жылдың сәуір айында «МАЭК Казатомпром» базасында Маңғыстау облысы ТЖД-нің 12 Өрт сөндіру бөлімшелерінің арасында өткізілген өрт-құтқару спорты бойынша чемпионаттан кейін іріктелді.

2017 жылдың дене шынықтыру, сауықтыру іс-шаралары және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің негізгі Республикалық және Халықаралық күнтізбелік жоспарына сәйкес, Маңғыстау облысында 2017 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасының өрт-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XXIVжазғы чемпионаты және Қазақстан Республикасының өрт-құтқару спорты бойынша әйелдер арасындағы IVчемпионатын өткізу жоспарлануда.

Бүгінгі күні аталмыш чемпионат бойынша жан-жақты дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл - ұйымдастыру сұрақтары бойынша мәселелерді шешу, дайындық және өрт-құтқару спорты бойынша жинақталған команданың дайындығы.

4 жолға арналған жаттығу мұнарасы, үш жүрісті тарамдамасымен және оқпандарымен, жеңдерімен жинақталған «Розенбауэр FOX-III» өрт мотопомпасы, өрт эстафетасына арналған үй, электронды хронометраж жинағындағы мұнара мәресінің алаңдары, жауынгерлік жайылу электронды нысаналары, мәрені бақылау жинағы, кедергі жолдарына арналған бумдар және шарбақтар, сонымен қатар спорттық киім – кешек, құралдар және жабдықтар бар.

Чемпионатқа маусым айына дейін 100 пайыз дайындықты жүзеге асыру жөніндегі ТЖ Департаменті бастығымен бекітілген чемпионатты ұйымдастыру бағдарламасы жасақталды.

Соңғы рет Маңғыстау облысында өрт-құтқару спорты бойынша Чемпионат 1990 – шы жылы 1 шағын ауданындағы «Труд» стадионында өтті.

ТЖ Департаменті бастығы Қуанар Бекенұлы Базарбаев республикалық көлемде өтетін чемпионатқа спортшыларымыздың сапалы дайындалуы, чемпионат иелері ретінде лайықты нәтижелер көрсетуі керектігі туралы тілегін айтты.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему