Көшбасшы үкіметтік емес ұйымдар марапатталды
6 Декабря 2016 (17:28) | 2516 | Автор: Нурганым Имашева
«Маңғыстау облысы Азаматтық Алянсы» -5 желтоқсан күні «Хан Шахар» салтанат сарайында «Алтын қалам» үздік журналистер байқауы және «Көшбасшы үкіметтік емес ұйымдар-2016» ҮЕҰ арасында жүргізілген рейтинг нәтижелері бойынша қорытынды шараға арналған салтанатты кешті өткізді.
Көпшілік жиналған ауқымды шарада сонымен қатар Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, былғары қолғап шебері Әділбек Ниязымбетовтің құрметіне арналған «Адока» спорттық киім желісінің таныстырылымы өтті.
«Азаматтық Альянс» ЗТБ 2014 жылдан бері Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырмасы бойынша «Маңғыстау облысында 2016 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша ҮЕҰ қызметіне мониторинг жүргізу және тиімділігін бағалау» жобасын жүзеге асырып келеді. Жоба аясында облыс көлеміндегі әрекет ететін көшбасшы үкіметтік емес ұйымдардың рейтингі анықталған болатын.
Бүгінде, облыс бойынша 500-ге жуық үкіметтік емес ұйым бар. Оның 10-ы 2016-шы жылдың сала көшбасшысы атанды.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева:
-Аймақтағы үкіметтік емес ұйымдар да өңірдің дамуына айтарлықтай өз үлестерін қосып келеді. Мемлекеттік органдармен қатар олар да қоғамның әр түрлі саласында белсенді әрекет етуде.
Барлықтарыңызға ел игілігін арттыру бағытында атқарған жемісті еңбектеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін. Қазақстанымыз жылдан-жылға көркейіп, дамып, өркендей берсін. Әрбір отбасына бақ-береке, шаттық, мол жақсылықтар тілеймін,- деді марапаттау сәтінде сөйлеген сөзінде.
Салтанатты шарада марапатқа ие болған, үздік деп танылған көшбасшы үкіметтік емес ұйымдар:
«Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі
«Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымы
«Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі
«Жастар жетістіктері» қоғамдық қоры
«Жас Отан» корпоративтік қоры
«Шаңырақ» қоғамдық қоры
«Рай» шұғыл әлеуметтік көмек көрсету орталығы жеке меншік мекемесі
«Алас» құқық қолдау көрсету орталығы» қоғамдық қоры
«Мейірім» қоғамдық қоры
«Ұрпақ-Next» қоғамдық қоры
-Бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйым өкілдерінің арасындағы байқау аймақта осымен, екінші рет ұйымдастырылды. Бұл - өзара бәсекелестікті нығайтып мықтыларды анықтайтын шара. Сондықтан келер жылы да жалғасады, - дейді ұйымдастырушылар.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему