6 желтоқсан – Прокуратура күні
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 17:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

6 желтоқсан – Прокуратура күні

6 Декабря 2016 (14:07) | 7055 | Автор: Мира Ботабекова

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясына сәйкес Қазақ КСР-ның Жоғары Кеңесінің 6 желтоқсан 1991 жылы қаулысымен еліміздің тәуелсіз прокуратура органдары құрылған болатын. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 25 ақпан 2004 жылғы бұйрығымен 6 желтоқсан Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылған күні ретінде жарияланып, жыл сайын атап өту белгіленген.

Өтініштерді қарау мен азаматтарды жеке қабылдау Қазақстан прокуратурасының құқық қорғау қызметінің ажырамас бөлігі ретінде қадағалау органы қызметкерінің жұмысында маңызды орын алады. Бүгінгі күні ақпараттық технологиялардың тұрақты дамуы мен құқық саласының өркендеуі кезінде Бас прокуратура республика азаматтарының өтініштерін қарау мәселесін жеңілдетуге байланысты шаралар қабылдады.

Бас прокуратураның Өтініштерді қарау туралы заңдардың қолданылуын қадағалау және іс жүргізу департаментінің бастығы Ілияс Жанар Мұхаммедрахымқызы қадағалау органдарына өтініш жазуда жаңартылған жүйенің тиімділігі мен жаңалығы туралы айтып берді.

-Жанар Мұхаммедрахымқызы, бүгінде прокуратура органдарына азаматтар өтініштерін түрлі тәсілдермен бере алады. Сол туралы нақтырақ айтып өтсеңіз.

-Дұрыс айтасыз, прокуратураға өтініш берудің халық үшін жеті тәсілі ұсынылды. Қазір азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері өздерінің өтініштерін облыстық халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қазпочта» АҚ пошталық бөлімшелері, бас прокурор мен облыс прокурорларының блогтары, «115.kz» немесе «Электронды Үкімет» порталдары немесе тікелей прокуратура органдары арқылы, оның ішінде прокуратура жетекшісінің жеке қабылдауы кезінде бере алады. Бұл өтініш беру тәсілдерінің кейбірі халық үшін өте ыңғайлы әрі пайдалы, одан бұрын уақыт пен материалдық қажеттілікті үнемдеуде көмегі зор. Бірақ ең бастысы – азаматтардың құқығы бұзылған жағдайда жедел әрекет етуге, оларға қажетті ақпаратты тез әрі ыңғайлы түрде беруге жағдай жасайды. Бас прокуратураның Call-орталығын азаматтардың қадағалау органына өтініш білдірудегі тиімді тәсілі деп атайды. Кез келген адам, шынында да, үйден шықпай-ақ өзінің ақшасы мен уақытын үнемдей отырып, прокуратураға өтініш бере алады.

-Жанар Мұхаммедрахымқызы, сіз Call-орталық қызметінің аралық қорытындысын атап өте аласыз ба?

-Call-орталыққа еліміздің кез келген жерінен ұялы немесе стационарлы телефоннан тегін 115 нөмірі арқылы хабарласуға болатынын еске салғым келеді. Орталық желісі 2011 жылдың тамыз айында іске қосылып, шағымның алты түрін қарастырады: қылмыстық қудалау органдарының қызметіне, кәсіпкерлер құқықтарының және азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылуына, білім беру мекемелерінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы әрекеттерге, тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемі шеңберінде медициналық қызмет көрсету кезінде заңсыз төлем алуға және прокуратура органдары қызметкерлерінің жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне шағымдану. Сонымен қоса, Call-орталық анықтамалық сипаттағы ақпаратты береді, прокуратура органдарының қызметі туралы ұсыныстар мен пікірлерді қабылдайды және тіркейді, мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін түсіндіреді. Азаматтардың ақпаратқа жедел қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін біз Call-орталық құзыретінің шегінен шықтық және қазіргі таңда кез келген қоңырауларға жауап береміз. Одан басқа, бізге түсетін балалар, әйелдер және мүгедектер құқықтарын қорғау туралы өтініштерді тіркеу тізімін кеңейту керек деп шештік. Өткен жыл мен 2016 жылдың үш айы ішінде орталыққа 82 мыңнан астам қазақстандықтар хабарласқан. Олардың 52 мыңы ақпараттық сипаттағы қоңыраулар: адамдар мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мекен-жайларын және олардың сенім телефондарын сұраған және т.б. Сонымен қатар, бізге өз өтініштерінің қаралу барысын қадағалап отырған азаматтардан 25 мың қоңырау түскен, 5 мыңнан астам адам прокуратура органдарының мемлекеттік қызмет көрсетуінің тәртібін түсіндіруді сұраған.

-Бас прокуратура барлық мекемелер қызметкерлерінің еңбекақысын уақытылы төлеу мәселесін ерекше бақылауға алып отыр. Сіздерге еңбек ақысының кешігуіне байланысты шағымдар түсе ме? Түскен жағдайда ол мәселе шешімін таба ма?

-Өткен жылы және ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Call-орталыққа түскен өтініштер бойынша прокуратура органдары жалпы сомасы 131 млн. теңгені құрайтын кешіктірілген еңбекақының өтелуін қамтамасыз еткен. Мысалға, 2016 жылғы 4-ақпан күні Call-орталыққа хабарласқан Төлебай есімді азамат өзінің еңбек құқығын қорғауға өтініш білдіруіне байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратура органдары қабылдаған шаралар бойынша бір айдан кейін, яғни, 2-наурыз күні «Denaraxsaz corporation» және «Denaraxsaz Kazakhstan» ЖШС 350 жұмыскердің алдында 50 млн. теңге көлеміндегі еңбекақы қарызын өтеген. Сол сияқты тек Алматы қаласының прокуратура қазметкерлерінің араласуымен, «Марум Жар Голд» ЖШС-нің басшылығы өз жұмыскерлеріне 27,9 млн. теңге мөлшерінде еңбекақы төлеген.

-Жалпы, сандық көрсеткіштерге сүйенсек, Бас прокуратураға түскен өтініштер өсуде ме?

-Соңғы жылдардағы статистика бойынша прокуратура органдарына 300 мыңға жуық, кейде одан да көп өтініш түседі, жалпы аталмыш көрсеткіш жыл сайын өсуде. Мәселен, 2013 жылдан бастап Бас прокурор мен облыс прокурорларының порталдарына түскен электронды өтініштер саны 60 пайызға өскен, анықталған барлық заң бұзушылықтарға байланысты ықпал ету шаралары қолданылды. Осылайша, өткен жылдың соңында Қостанай облысы Рудный қаласы ІІБ қызметкерлерінің саусақтардың таңбасын негізсіз алуға қатысты заңнан тыс әрекеттеріне байланысты Василенков есімді блогты қолданушының дәлелдемелері расталған. Кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты прокурорлық ықпал ету шараларымен тәртіптік өндіріс қозғалды. Біздің талдау көрсеткендей, арызданушылардың көбі азаматтық және қылмыстық процесс қатысушылар, яғни, айыпталушылар, сотталушылар, адвокаттар, қорғаушылар, жәбірленушілер, талапкер не жауапкерлер және олардың өкілдері болып табылады. Ең аз бөлігін түрлі кәсіпорындар мен мемлекеттік органдар құрайды. Арызданушалардың өтініштердегі қоятын сұрақтарының аясы кең: 40 пайыздан астамы қылмыстық қудалау органдарының әрекеттері (әрекетсіздік) мен актілеріне қатысты шағымдар, 30 пайызы әлеуметтік – экономикалық салаға қатысты өтініштер, 10 пайызы сот актілерінің заңдылығы және олардың орындалмауына қатысты түскен шағымдар. Көтеріліп отырған мәселелер мен заңнама талаптарына сәйкес, прокурорлар негізінен түсіндіру береді, олар 67 пайыздан жоғары. Қанағаттандырылған өтініштер 15-17 пайызды құраса, қабылданбағандар саны 17 пайызға жуық. 2013 жылдан бергі прокурорлар қарастырған өтініштер қорытындысы бойынша, 11 мыңнан астам прокурорлық қадағалау актілері енгізілген, нәтижесінде 6 мыңнан астам лауазымды тұлғалар түрлі жауапкершілікке тартылған.

-Азаматтардың өтініштерін қараудың сапасын көтеруге байланысты тағы қандай жоспарлар бар?

-Өтініштердің өсіміне мүмкіндік беретін себептер мен алғышарттарды жоюға қатысты біз Өтінішітермен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі салалық нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгіздік. Осыған дейін өтініштер бірнеше рет қалалық-аудандық прокуратураларда, кейіннен облыстық прокуратурада қаралатын. Осы сатылардан өткеннен кейін ғана арызданушы бас қадағалау органына өтініш білдіре алатын еді. Ал қазір түсіндіру және бас тарту сипатындағы жауаптарды қалалық- аудандық прокуратураларда тек прокурор, ал облыс прокуратураларында облыс прокуроры мен оның орынбасары бере алады, яғни, қабылданған шаралар бойынша өтініштерді қарастырудың көпсатылы рәсімі қысқартылды. Сонымен қатар, облыс прокуратурасының төменгі прокуратураларға қайта жасалған өтініштерді жіберу тәртібі өзгертілді, енді мұндай өтініштер бақылауға алына отырып, қарастыру қорытындысы туралы қалалық-аудандық- арнайы прокурордың қолымен ақпарат беру талабымен жолданатын болады. Одан басқа, азаматтардың өтініш беруіне қолайлы жағдай жасау және уақытын үнемдеу үшін өтініштердің үлгілері жасалды, олар жақын уақытта прокуратура органдарының көпшілікке қолжетімді орындарына орналастырылатын болады. Оған қоса, біз оны Бас прокуратураның сайтына жарияладық, бұл азаматтардың үйде отырып-ақ интернет желісі арқылы дайын бланкте өз дәлелдемелерін жазып, оны прокуратураның қарауына жіберу үшін ыңғайлы болмақ.

Азаматтармен жұмыс құқық қорғау функциясын атқаратын прокуратура үшін маңызды бөліктердің бірі. Сондықтан біз келешекте прокуратураның халық үшін үнемі ашық және қолжетімді болуы үшін жұмысты нығайтуға, өтініштерді жан-жақты әрі сапалы қарауды қамтамасыз етуге, бұзылған құқықты жедел түрде қалпына келтіруге, азаматтардың өз шағымдарының қаралу нәтижелері туралы ақпарат алуды жетілдіруге мүдделіміз.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему