Табысы төмендерге мемлекет қолдау көрсетеді
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 16:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Табысы төмендерге мемлекет қолдау көрсетеді

2 Декабря 2016 (14:23) | 1818 | Автор: Мира Ботабекова

 

Премьер-министрдің орынбасары Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа бағдарламасын таныстырды. Жобада түзілген жоспарға сенсек, көретін пайдамыз көл-көсір. Сонымен қатар Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова нәтижелі жұмыс және жаппай кәсіпкерлікті дамытуды көздейтін жаңа бағдарлама ұсынды. Тың жоба аясында табысы төмен қазақстандықтарға жеке кәсібін бастауда мемлекеттен нақты қолдау көрсетіледі. «Хабар24» арнасының хабарлауынша, агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобасы 2017-2021 жылдар аралығында жүзеге асуы тиіс. Бағдарлама біріншіден астық алқабын 2,3 млн гектарға азайтуды көздейді. Ә дегенде құлаққа түрпідей тиюі мүмкін. Бірақ бұл қадам тиімділік үшін жасалмақ. Өйткені бүгінде елімізде 3 млн тонна бидай артылып қалып отыр. Есесіне оның орнына майлы дақылдар көптеп өсірілетін болады. Осылайша, осы санаттағы тапшылық азаюы керек. Мәселен қазір елде арпа, қант қызылшасы мен өзге дәнді дақылдар миллион тонналап жетіспейді. Салдарынан сыртқа телміруге мәжбүрміз.  

Асқар Мырзахметов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі:

 - Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы өнімдерінің 70-90%-ы қосалқы шаруашылықтар өндіріледі. Ал ол өнімнің бәрі зауыттарға жеткізілмейді. Соның салдарынан қайта өңдеу көрсеткіші 30%-дан аспай отыр. Оның үстіне қазір елімізде 400-ден астам қайта өңдейтін кәсіпорын бар. Олардың жүктемесі 20-60%-ға ғана құрап отыр.

Қайта өңдеуді ұлғайту, ішкі нарықты дайын өнімдермен қамту бағдарламаның басты бағыты. Ол үшін республика бойынша 1200 кооператив құрылады. Жоба жемісті жүзеге асса, ауыл халқы өз өнімдерін сату арқылы 300 млрд теңге табыс табуы тиіс.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

 - Бұл сұрақтардың бәрін осыған дейін де талқылаған болатынбыз. Өңірлердің пікірін тыңдадық. Жыл аяғына дейін бәрін пысықтауға уақытымыз бар. Жаңа жылдан бастап жаңа бағдарлама бойынша жұмыс жасауымыз керек.

Үкімет отырысында сөз алған Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова да нәтижелі жұмыс және жаппай кәсіпкерлікті дамыту атты жаңа бағдараманы ұсынды. Енді табысы төмен қазақстандықтар тасада қалмайды. Ауылдағы ағайынға кәсіптің әліппесін бизнесмендердің өздері оқытатын болады. Ал ары қарай нәсіп табамын дейтіндерге несие беріледі.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

- Жаңа бағдарламада Үкімет азаматтардың еңбек нарығындағы қажетті мамандықтарға жаппай оқытып, олардың кәсіби дағдыларын арттыру міндетін, ал жергілікті атқарушы органдарға жаңа жұмыс орындарын ашу, азаматтарды жұмысқы тарту міндетін жүктеп отыр.

Бағдарлама сынақ жүзінде ең бірінші Маңғыстау облысында іске асты. Аз айлыққа қараған ауыл халқының елеулі бөлігі кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеріп, алғашқы қадамдарын да жасады. Министрлік бірінші жылы 15 мың, одан кейін жылына 30 мың адамды оқытуды көздеп отыр.

 Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

- Осыған дейін біз «Жұмыспен қамту» жол картасы бойынша уақытша жұмыс орындарына көңіл бөлсек, енді тұрақты жұмыс орындарына басымдық беру қажет. Өз кәсіптерін ашуға мүмкіндік беріп отырмыз. Ол арқылы жаңа жұмыс орындары көбейеді.

Осылайша, ауылдық жерде кәсібін бастауға бел буғандарға 16 млн теңгеге дейінгі несие 6%-бен берілмек. 2025 жылға дейін елімізде өз бизнесін бастағандардың қатары 500 мың адаммен толығады деп күтіліп отыр.

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Жоспар бойынша жыл сайын облыс орталықтары мен қалаларда 2,5 мың адамды қамтимыз. Несиелер екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржылық ұйымдар арқылы беріледі.

Премьер-министр Бағытжан Сағынтаев бағдарлама аясындағы жұмыстарды бақылауға алуды орынбасарларына тапсырды. Үкімет қос жоба бойынша шешімді жыл аяғына дейін қабылдауы қажет.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему