Ақтаудың бас ЖОО-да төтеншеліктер зілзаладан қорғану шарасын ұйымдастырды
18 Ноября 2016 (16:59) | 1995 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы 32 шағын ауданда орналасқан Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінде Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының басшылығымен «Жер сілкінісі кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және салдарын жою» тақырыбында арнайы тактикалық жаттығу өткізілді. Бұл туралы газет редакциясына Маңғыстау облыстық ТЖ Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Келісілген тактикалық ойластыру бойынша жер сілкінісінің салдарынан Ақтау қаласы Ш. Есенов атындағы Университеттің В0502 аудиториясы үйінді астында қалды және студенттер, оқытушылар және қызметкерлер зардап шекті. Басты корпустағы барлық лифтілер тоқтатылды.
Аз уақыттың ішінде ғимараттан адамдарды шығару ұйымдастырылды. Жоғарғы қабаттардан көшіру үшін көтергіш және автобаспалдақ қолданылды.
Зардап шеккендердің қалып қойғанын және залал келтірілген жерлерді анықтау мақсатта басты ғимаратта барлау жүргізілді
- Бұл адам көп шоғырланатын нысан, онда студенттер, оқытушылар, қызмет көрсететін қызметкерлер бар. Студенттердің жалпы саны - 3065, оның ішінде күндізгі бөлімінде - 2617, сыртқы бөлімінде - 448.
Жаттығуға Маңғыстау облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің өрт –құтқару техникасынан 3 дана техника және 15 адам жұмылдырылды. Одан басқа Апат медицина орталығынан құрамында 4 адамы бар 1 бригада, Маңғыстау облысы ТЖД «ЖҚЖ» ММ 1 дана техникасы және 5 адамы, Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасынан 1 дана техника және 5 адам, «КЖСА» МКӨ-ден 1 дана техника және 4 адам «АУЭС» МКӨ-ден, - дейді Маңғыстау облыстық ТЖ Департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Ходжабекова.
Фото автора
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему