Маңғыстау облысының ТЖ Департаменті 10 қызметкерді зейнеткерлік демалысқа шығарып салды
14 Ноября 2016 (17:20) | 1830 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 2016 жылдың 11 қарашасында «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінінің» он қызметкерін зейнеткерлік демалысқа шығарып салу салтанатты жиналысы өтті.
Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Өз сөзінде Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Бекенұлы Базарбаев:
- Сіздерге рахмет, өмірдегі ең жақсы кезеңдеріңізді біздің оңай емес қызметке арнадыңыздар. Қойылған тапсырмаларды абыроймен орындадыңыздар, саланың дамуына айтарлықтай үлес қостыңыздар, - деп атап өтті.
ТЖ Департаментінің басшысы зейнеткерлеге Алғыс хаттарын және естелік сыйлықтарын табыстады.
Сонымен қатар салтанатты жиында ардагерлер Кеңесінің төрағасы С.Мұқанов пен «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің бастығы азаматтық қорғау майоры Ерлан Мәуленов құттықтау сөз сөйледі. Олар да сала ардагерлеріне өздерінің ұжымдарының Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарын табыстады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему