Әлем чемпионатынан бес жүлде
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 01:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әлем чемпионатынан бес жүлде

19 Сентября 2016 (21:16) | 2176 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ирландияның Дублин қаласында кикбоксингтен өткен Әлем чемпионатынан маңғыстаулық 5 спортшы жеңіспен оралды. Тарқатып айтар болсақ, Бекжан Жайлаубаев (81 келі салмақта) алтыннан алқа тағып, Әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ жерлестеріміз Жалғас Сағатов (71 келі салмақта) күмісті және Өнербек Селбай (60 келі салмақта), Жантілек Ұлағатов (51 келі салмақта), Аман Нұров (48 келі салмақта) қоланы қанағат тұтты. Осылайша, облыс қоржыны 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медальдармен толықты.

 

- Кикбоксингтен жастар арасында өткен Әлем чемпионатына жалпы елімізден 20 спортшы, оның ішінде біздің облыстан алты спортшы қатысты. Бесеуі жүлделі орындарды қанжығалады. Бұл - біз үшін үлкен жетістік. Өйткені 47 мемлекеттен қатысқан 1705 спортшының арасынан суырылып шығып, жүлделі орындардан көріну де оңай емес.

Бұл жеңісіміз - біздің Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне тартуымыз деп есептеймін. Жалпы соңғы жылдары спорттың бұл түрімен облысымызда айналысатын спортшылардың қатары көбейіп келеді. Қазірдің өзінде облыс орталығындағы «Волна» спорт кешенінде 90 бала жаттығып жүр, - дейді Маңғыстау облысының кикбоксингтен аға жаттықтырушысы Есенмұрат Селиков.

 

Осы уақытқа дейін Есенмұраттың шекпенінен екі Әлем чемпионы шыққан. 2012 жылы шәкірті Жасұлан Нежимов (Словакия) Әлем чемпионы атанса, араға екі жыл салып бұл жеңісті Нұрболат Жайлаубаев (Италия) қайталады. Енді міне, олардың қатарын Бекжан Жайлаубаев толықтырып отыр.

 

- Шәкіртім Бекжан кикбоксингпен тоғыз жылдан бері айналысады. Болашағынан үлкен үміт күттіретін спортшы. 17 жасар шәкіртім үш дүркін Қазақстан чемпионы атанды, енді міне Әлемді бағындырып отыр.

Жалпы жарыстарға қатысуға қолдау көрсетіп жүрген облыстық спорт басқармасына және спортқа жанашыр азаматтарға алғысымды айтамын. Ата-аналарға балаларыңыздың бос уақытын тиімді пайдаланып, әр түрлі спорт секцияларына қатыстырыңыздар дегім келеді. Салауатты ұрпақ тәрбиелеуге барлығымыз үлес қосайық, - деді бізбен қоштасарда Есенмұрат Селиков.

 

Бүгінде маңғыстаулық кикбоксшылар 21-25 қыркүйек аралығында Ресейдің Анапа қаласында өтетін Әлем Кубогына дайындалуда. Жарысқа облыстан 15 спортшы қатысады деп күтілуде.        

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему